В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
AlzhanovSalavat
AlzhanovSalavat
26.06.2021 11:12 •  Қазақ тiлi

Тілдік бағдар. Грамматика Есімдік (местоимение)

Есімдік –зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жұмсалатын сөз табы. Есімдіктер жіктеледі, септеледі, тәуелденеді, көптеледі.

Есімдіктің 7 түрі бар:

1. Жіктеу есімдігі (личные местоимения): мен, сен,сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар

2. Сілтеу есімдігі (указательные местоимения): бұл, сол, мынау, анау, мына, міне

3. Сұрау есімдігі (вопросительные местоимения): кім? қанша? неше? қайда? неге?

4. Өздік есімдігі (возвратное местоимение): өз,өзім,өз-өзіне,өзіміз

Жазылым.

Оқыған мәтіннен есімдіктерді теріп жазу, түрін анықтау.

Үлгі: олар – жіктеу есімдігі, көпше түрі.

Показать ответ
Ответ:
visaenko1974
visaenko1974
11.12.2022 05:11
Күз тамаша мезгіл Күзде түн ұзарып ,күн қысқарады..Күзде сары жапырақтар жерге түседі.Жерде алтын түсті кілем жатқан сияқты. Құстар   жылы жаққа ұшады.Күзде жиі-жиі жаңбыр жауады.Күз молшылықтың ,байлықтың айы.Күзде , алма, ,жеміс-жидектер ,көкөністер піседі..Далада егін жинайды.Маған күз мезгілі ұнайды.
Осень хорошее время года.Осенью ночи становяться длиннее ,дни короче.Осенью листья желтеют и опадают на землю.На земле будто лежит золотой ковер.Птицы улетают в теплые края.Осенью часто идут дожди.Осень время достатка, изобилия.Осенью поспевают яблоки, ягоды,овощи.На полях убирают зерновые хлеба.Мне нравится время года осень.
0,0(0 оценок)
Ответ:
amozgaleva96
amozgaleva96
05.08.2020 11:55

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына бейімденген. Бірақ әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.

Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозшылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. О да ауырғандық пен күн көзінде болмағандық белгісі.

Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек, бір дос тапты. Онысы, әсіресе әжесі. Одан қала берсе шешесі. Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі біртүрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады. Сонда ол ойланып отырып:

– Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын қағып:

– Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.

Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ–Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды.

Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер. … Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей сақтап жүрген зейініне таңғалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет, әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп–Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап қояды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен қайта көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота