Төле би ауырып жатқанда Ералы, Әбілмәмбет хандар, Абылай сұлтан мен Көкі, Қазыбек, Ержан билер және басқа да белгілі батырлар оның көңілін сұрап тұрған. Осындай күндердің бірінде Қаз дауысты Қазыбек би науқас Төле бидің бас жағында, қалғандары аяқ жағында отыр екен. Үйге сәлем беріп, жақсы киінген үш қария келіпті. Солар Төле биге:
- Үшеуіміз үш жүзден көңіліңізді сұрай келдік. Қазақ сорлының ендігі күні не болар екен? Ардақты еліңізге қандай өсиет-өнеге айтып қалдырасыз? - депті әлгілердің біреуі. Сонда Төле би басын көтеріп, «Үш Жүзден келдік» дегенін жақтырмай:
«Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,
Руға бөлінгендердің, құруға асыққаны.
Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Хан азса – халқын сатады,
Халық азса хандыққа таласады», – деген екен.
эссе «досым саған рахмет »
өмірде шынайы ,өзіне серік болатын дос табу қиын. достар бір- біріне қиын кезде де, қуаныш кезінде де бірге болып көмектесу керек.егер достар бір- бірінің сырын сақтай алмаса, ол шынайы достыққа жатпайды. менің достарым көп.мен олардың бәрінде жақсы көремін.солардың ішінде екі досымды ерекше жақсы көремін. олар мен ға қиын кездерде қолымнан келгенше көмектескім келеді.біз кейде ренжісіп қаламыз. дос болғасын ондай жағдайлар болады ғой …. бірақ бір -бірімізбен тез татуласып кетеміз.