Біздің бақытты балалық шағымызға сән беріп жатқан жазғы ларгерлер мен демалыс орындары. біздің балалық шағымыздың бақытты болып өтуіне тәуелсіздік алған күнге , ел басымызға көптен көп алғыс айтамын. қазақстан республикасы бойынша балалар лагері Балдәурен. онда бәрі өте керемет. балалардың жағдайы үшін барлық жағдай жасалған. оған ең үзік оқушылар, дарынды ұл қыздар әр қаладан демалу үшін келеді. онда көптеген жарыстар ,сайыстар, шығармашылық туындылар, қолдан жасалған бұйымдар жарысы болады. лагерге барған әрбір бала қайта баруға талпынады. ол жерде тәлімгерлері де өте керемет, балалардың әрбірін өз балаларындай, қарындас, інісідей қамқор болады. балдәурен лагері өте керемет!
Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді.