Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын
орындаңыз. Жазылым жұмысында
тақырыптан ауытқымай, абзац.
түрлерін жүйелі құрастырып,
көркемдегіш құралдарды, термин
сөздер, кәсіби сөздерді орынды
қолданып, орфографиялық нормаға
сай жазыңыз.[5]
1. «Нұр-Сұлтан қаласы -жастар
мекені» деген пікірге келісесіз бе?
Берілген сұрақ бойынша келісу не
келіспеу себептерін айқын көрсете
отырып эссе жазыңыз (120-130 сөз).
2. Қосымша файлда берілген
мәліметтерді пайдаланып, жанрлық
және тілдік ерекшеліктерін сақтап,
ұлы ағартушы Ыбырай
Алтынсариннің өмірбаянын
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған)
Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған. Евгений Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен бұрын Сарыарқада жатқан Абайдың дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған Пушкинді танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.