Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз. Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша беріледі.
1. Қым-қуыт қала тіршілігі ішіне бейтаныс жігіт әлдеқашан сіңіп кеткен.
Бейтаныс 1ұпай
2. Ал ауылдың жайбарақат қозғалысын қаланың ағыны қатты тұрмысы еріксіз жаулап алса да, атасы мен Қамбар жан-жағына қарайлап келеді.
Атасы мен Қамбар1ұпай
3. Атасы мен Қамбар бейтаныс жігіттің бағдаршам жөнінде айтқан сөзіне риза боп, артта қалған бағдаршамға көз тіге қарап қалды.
Бағдаршам жөнінде1ұпай
4. Жолдың арғы бетіне өтейін десе, жүйткіген машиналар легі бір толас табар емес.
Жүйткіген машиналар1ұпай
5. Жол жиегіндегі адамдар осы сәтті күткендей көшенің арға бетіне қарай аяқтарын асыға басып, өте бастады.
Адамдар
онда сол ауылдың адамдары алыс сапарға шықса немесе алыстан адам келсе сол үйден ырым қылып дәм татады.
Киіз үйдің сыртқы бейнесі.
Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. сол сияқты шағырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді. Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:
Шаңырақ
1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Киіз үй керегесі
Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.
Кереге.
Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, қтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.
Уық
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.
Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.
Киіз үй есігі
Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.