Төменде берілген сұрақтарға жауап бере отырып, шығармаға талдау жүргізіп, үлгі кестені толтырыңдар.
Суреттеңдер
Салыстырыңдар
Толғауда жырау өзін қалай бейнелейді?
Би Темір мен жырауды не байланыстырады?
Би Темір кім болған? Қай ғасырда өмір сүрген? Тарихқа
көз жүгіртіңдер.
Зерттеңдер
Қолданыңдар
Дәлелдеңдер
Толғауда кездесетін архаизм сөздерді теріп, түсіндірме
сөздікті басшылыққа алып, мағынасын түсіндіріңдер.
Жырау «Ақылсыз достыдан ақылды дұспан артық-ты»
дейді. Дұшпанның артықшылығын дәлелдеңдер.
Жыраулардың қоғамдағы беделі қандай болған?
Пікірлерің
Театр дегеніміз - түрлі қойылымдар мен сахналық өнер мен, ойын - сауық өткізілетін орын.
Театрдың түрлері: қуыршақ театры, опера театры, опера және балет театры, драма театры, музыкалық драма театры т.б.
Астана қаласында қуыршақ театры, М. Горький атындағы драма театры, Астана Балет, Жастар театры, Қ. Қуанышбаев атындағы театр, Астана Опера, "Аттракцион" театры секілді театрлар бар.
Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Мемлекеттік неміс драма театры, Мемлекеттік қуыршақ театры, Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры бар.
Менің қаламда С. Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театры бар.
Ия, мен қаламыздағы театр қойылымдарын өткізбей көріп тұрамын. Сонымен қатар қаламызға гастролдық сапармен келген театр қойылымдарын тамашалағанды ұнатамын.
Маған Шәмші Қалдаяқовтың тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың "Сыған серенадасы" атты поэтикалық драмасы ерекше ұнайды.
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.