Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанрлы және стильдік ерекшеліктерін сай әңгіме құрастырып жазыңыз. Әңгімеде кейіпкерлер арасындағы диалогтің болуын ескеріңіз, онда одағай сөздерді қолданыңыз. 1) Бүгінгі таңда телефонға тәуелділік үлкен дертке айналды. Еңбектеген сәбиден еңгейген қартқа дейін телефонға шұқшиып отырғанын көріп жүрміз. Осындай күнделікті өмірдегі жағдайларды негізге алып, «Әлеуметтік желінің әлегі» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.
2) Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар – өзіміз, біздің жақындарымыз. Табиғи өнімдердің пайдасын насихаттайтын, гендік өзгеріске ұшырғана тағамдардың зиянына оқырманның көзін жеткізетіндей, ой салатын әңгіме құрастырыңыз.
3) Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің арасындағы достық туралы ойдан немесе шынайы өмірден алынған оқиғаға негізделген әңгіме құрастырыңыз.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.