Төменде берілген тақырыптардың біреуін таңдап, тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала немесе нұсқаулық) жазыңыз. Шамамен 150 сөз болуы тиіс. [5]
1. Атмосфераның ластануы туралы мақала жазыңыз.
2. Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керектігі туралы мақала жазыңыз.
3.Адамның дені сау болу үшін не істеу қажет екендігі туралы нұсқаулық жазыңыз
- Сен қандай сандарды қасиетті деп санайсың?
- Мен үшін жеті саны - ең қасиетті сан.
- Неліктен? Бұл сан туралы не білесің?
- Жеті қазына, жеті ата, аптаның жеті күні де осы санмен байланысты.
Сен үшін қандай сандар қасиетті?
- Мен үш санын қасиетті сан деп есептеймін.
- Бұл санның қандай қаситеі бар?
- Үш жұрт, үш арыс, үш бәйтерек деген ұғымдар бар.
- Демек қазақтың киелі сандарының астарында үлкен мән жатыр.
- Ия, басқа да киелі сандар туралы оқып-білгеніміз дұрыс.