Алғашқы адамдар тобыры — адамдардың тас дәуіріндегі тіршілік үшін бірлесіп күресу қажеттілігінен туған алғашқы тобы. Археологияда төменгі және орта палеолит дәуірін, антропологияда архантроптар — питекантроп, синантроп, атлантроп, Гейдельберг адамдарының өмір сүрген кезеңін қамтиды. Б.з.б. 1,9 млн — 36 мың жыл аралығында үңгірлерде өмір сүрген, отты пайдалана білген. Тастан, ағаштан, сүйектен құралдар, қарулар жасаған. Табиғатқа толық тәуелді болған Алғашқы адамдар тобырына ұжымдасу адамдарға қорғануды, шабуыл жасауды, аң аулауды, жиын-терін жүргізуді, ұрпақ жалғастыруды үйретті. Рудан бұрынғы бұл әлеуметтік құрылымның өзгешелігі — қоғамдық қатынастар қалыптаспаған, әлсіз болды, қауым-үй шаруашылығы болмады, туысқандық қатынас тым қарапайым сипат алды. Сонымен қатар бұл құрылымға неке байланыстарының біршама реттелгендігі тән. Алғашқы адамдар тобырының мекендері Қазақстанда Сарыарқадан, Батыс және Оңтүстік Қазақстаннан, Жетісудан, Балқаштың солтүстік өңірінен табылды.
бәрі табиғаттан жаралған. табиғатты қорғау адамзаттың парызы.
адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.
Алғашқы адамдар тобыры — адамдардың тас дәуіріндегі тіршілік үшін бірлесіп күресу қажеттілігінен туған алғашқы тобы. Археологияда төменгі және орта палеолит дәуірін, антропологияда архантроптар — питекантроп, синантроп, атлантроп, Гейдельберг адамдарының өмір сүрген кезеңін қамтиды. Б.з.б. 1,9 млн — 36 мың жыл аралығында үңгірлерде өмір сүрген, отты пайдалана білген. Тастан, ағаштан, сүйектен құралдар, қарулар жасаған. Табиғатқа толық тәуелді болған Алғашқы адамдар тобырына ұжымдасу адамдарға қорғануды, шабуыл жасауды, аң аулауды, жиын-терін жүргізуді, ұрпақ жалғастыруды үйретті. Рудан бұрынғы бұл әлеуметтік құрылымның өзгешелігі — қоғамдық қатынастар қалыптаспаған, әлсіз болды, қауым-үй шаруашылығы болмады, туысқандық қатынас тым қарапайым сипат алды. Сонымен қатар бұл құрылымға неке байланыстарының біршама реттелгендігі тән. Алғашқы адамдар тобырының мекендері Қазақстанда Сарыарқадан, Батыс және Оңтүстік Қазақстаннан, Жетісудан, Балқаштың солтүстік өңірінен табылды.
бәрі табиғаттан жаралған. табиғатты қорғау адамзаттың парызы.
адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.
Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.