В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Sndrey68085
Sndrey68085
09.07.2021 02:55 •  Қазақ тiлi

Төмендегі берілген сөйлемде неше есімдік түрі бар? Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы
деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық.
2
3
4​


Төмендегі берілген сөйлемде неше есімдік түрі бар? Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындағ

Показать ответ
Ответ:
aaapruda
aaapruda
20.02.2021 07:14

Жаңа жылды қарсы алу дәстүрі қалай пайда болған?

Жаңа жыл мерекесі – Қазақстандағы көптеген мерекелердің ішіндегі кең таралған мерекелердің бірі. Оны Батыстың Рождество мерекесімен қатар қоюға болады. Жергілікті халық Санто Клаусты Аяз Ата деп атайды. Оның Ақшақар атты немере қызы бар. Сонымен қатар, қаңтардың 13-інен, 14-іне қараған түні Ескі Жаңа жылды тойлайды. 18 ғасырда Ресей Еуропа күнтізбесін қабылдаған соң, Орыстың Ортодоскальдық шіркеуі, жаңа күнтізбеден 13 күнге кешігетін, ескі күнтізбеден аумай тұрды.

Қазақстан халқы үшін Жаңа жыл – Наурыз мерекесі. Барша түрік халықы, тарих бойынша, Жаңа жылды көктемдегі күн мен түннің теңелуі кезінде тойлайды. Наурыз – қазақша наурыз айының атауы. Ежелгі Қазақстанның елі Наурыз айында көктемнің келуін ай бойы тойлаған.

Біздің ойымызша, Жаңа жылды қарсы алу дәстүрі ежелден келе жатқан мереке. Шындығында Жаңа жылдың 25 ғасырлық тарихы бар. Бұл мереке тұңғыш рет Месопотамияда (Двуречье) пайда болған. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, Жаңа жылды алғашқы рет үшінші мыңжылдықта тойлаған.  Жаңа жылды тойлау дәстүрі ежелгі вавилон тұрмысына да енген. Барлық шаруашылық жұмыстары наурыз айының соңында, Тигр мен Евфраттың су көздері ашылғаннан кейін басталады. Ақ жарқынды Мардук құдайының қирату мен ажалдың күштерінің алдындағы жеңісті салтанатты түрде он екі күн бойы тойланатын. Мереке салтанатты шерумен, карнавал және маскарадпен сүйемелденетін.

Карнавал сөзі вавилон тілінен аударғанда, кеме-теңіз деген ұғымды білдірген, сондықтан көптеген жаңа жылдық оқиғалар Мардук құдайының Евфратта қиялды жүзуімен байланыстырады. Мистерия бойынша, бір күні Мардукке (жылан мен айдаһар бейнесінде) қарсы шыққан хаос құдайы Тиаматтың шабуыл жасағаны бейнеледі.

Жаңа жылды қай елде қалай қарсы алады?

* Жер шарында Жаңа жылды ең алдымен қарсы алатын халық – Фиджи архипелагінің 160 аралының тұрғындары. Мұнда барлығы 320 арал бар.

* Шотландия мен Уэлсте ескі жылдың соңғы секундында есікті кеңірек ашып, ескі жылды «шығарып» жібереді де, Жаңа жылды «кіргізеді».

* Үндістанның әр ауданында Жаңа жылды әр уақыт-та, қыркүйектен наурызға дейін қарсы алады. Мереке құрметіне ұшырылған көлемі өте үлкен, түрлі-түсті батпырауықты екі мерген садақпен атады. Біреуінің оғының басында от болады. Батпырауық жанған кезде той басталады.

* Панамада Жаңа жыл өрт сөндіргіш мұнарада-ғы зор қоңыраудың құлақ тұндырған ащы дауысымен басталады.

* Болгарияда Жаңа жыл дастарханына басқа да тәтті тағамдармен бірге күміс теңге қосып, бірнеше қабат етіп пісірген самса қойылады. Оның жанында денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің белгісі – кизил ағашының бір бұтағы жатады. Күміс теңге тап болған адам Жаңа жылда зор бақытқа кенеледі деп есептеледі. Дастархан басында біреу түшкіріп қалса, жақсы ырымға санайды. Оған көктемде туған алғашқы қозыны, лақты, құлынды, әйтеуір, бір жас төлді сыйға тартады.

* Иранда Жаңа жылды наурызда қарсы алады. Дәл сағат 12-де үстел ба-сындағылар қолына күміс теңге ұстауға тиіс. Әйтпесе, халық нанымында ол адам жыл бойы жат елде өмір сүреді.

* Бразиялықтар Жаңа жылда көшелеріндегі бағандарды гүлмен, қоңыраумен безендіріп қояды.

* Эфиопиялықтар Жаңа жылды қыркүйектің 10 - 11-інде қарсы алады. Жаңа жылда бірыңғай ақ киім киеді, ерте тұрып, шіркеуге барады. Сосын самырсын ағашының көлеңкесінде Жаңа жылға арнап дастархан жаяды. Балалар Жаңа жылға арнап салған суреттерін ата-анасына сыйлайды. Үй ортасына жіп керіп, әлгі суреттерді іліп қояды. Сонан кейін мерекелік дастархан басына отырады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
anya0207
anya0207
23.05.2020 21:59
--Қазақстанның жері қандай ?
--Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай.
--Қазақстанның жерінде  қандай қазба байлықтары бар?
--Қазақстанның жерінде көмір, мұнай, гранит, газ ,көмір, алюминий, мыс , қорғасын әктас  қазбалы байлықтары бар.
--Қазақстанның табиғаты қандай?
--Қазақстанның табиғаты өте әдемі.Қазақстанның жерінде нулы ормандары мен биік-биік таулары көп.
--Қазақстанның жерінде үлкен , көлдер, өзендер бар ма?
--Иә,бар,Атап айтар болсақ ,Арал, Балқаш, Зайсан,Алакөл 
 --Ертіс, Есіл, Іле сиякты үлкен көлдер ,теңіздер мен өзендер бар..
--Қазақстан қандай мемлекет?
--Қазақстан --тәуелсіз  үлкен мемлекет.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота