Төмендегі етістіктерді шартты рай тұлғасында қолданыңыз Найдите следующие глаголы в условном наклонении
жақсылық жасау, қиналу, кемшілігін айту, ақыл сұрау,
жақсылық жасау үшін, қиналу үшін, кемшілігін айту үшін, ақыл сұрау үшін,
жақсылық жасадым, қиналды, кемшілігін айтты, ақыл сұрады,
жақсылық жасағым келеді, қиналғым келмейді, кемшілігін айтқым келеді, ақыл сұрағым келеді,
жақсылық жасаса, қиналса, кемшілігін айтса, ақыл сұраса
сейчас идёт сор по кз
Абай қандай білім алған?
Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
Қандай тілдерді меңгерген?
Абай орыс, парсы, араб тілдерін жетік меңгерген.
Абайдың көп олеңдері қандай тақырыпқа арналған? Ол қандай өлеңдер?
Абай өлеңдерінің тақырыптары:
• азаматтық көңіл-күй («Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...», «Болыс болдым мінеки»);
• ғашықтық («Махаббатсыз дүние бос...», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл»);
• табиғат құбылыстары («Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»);
• оқу, білім, ағарту («Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Білімдіден шыққан сөз»);
• тәрбие мәселелері («Малға достың мұңы жоқ малдан басқа»);
• ақындық өнері туралы («Өлең – сөздің патшасы...»).
Абай жастарды қандай болуға шақырады?
Абай жастарды «Есектің артын жусаң да, мал тап» деп адал еңбек етіп, еңбокқор болуға шақырады. Сонымен қатар, ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.
Волейболдың даму тарихы
Волейбол ((, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — ойын спорты.
1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:
Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.
Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 м).
Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 м).
Биіктігі: 6,5 фут (198 см).
Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы — 340 г.
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б. э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.
1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.