Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, жұбыңызбен тіл туралы сөйлесіңіз. жұбыңызға сұрақтар қойыңыз, жауап беріңіз. • өнер алды – қызыл тіл. • көп сөз - күміс, аз сөз - алтын. • ойнап сөйлесең де, ойлап сөйл
Менің сүйікті фильмім "Шерлок Холмс". Мен шытырман оқиғаларды жақсы көремін, сондықтан да осы фильмді сүйіп көремін. Маған фильмдегі басты кейіпкерлердің бірден көзге түспес заттардан, болған оқиғаны анық-қанығын айқындап алатыны ұнайды. Шерлок мырзаның жолдасы, Ватсонның қажет кезінде досының жанында табылып, әрдайым көмек көрсетеді. Тығырықтан шығуға септігін тигізеді. Фильмде сол заманның адамдары мен тұрмыс жағдайы жақсы көрсетілген. Шерлок ол жерде тек қана тыңшы емес,әр түрлі жаңалық ашушы және тәжірибе жүргізуші ретінде көрсетілген. Фильмдегі уақиғалар бір-бірмен тығыз ұяласқандықтан, бұл фильімді та кірпік қақпай көруге болады.
Менің ең сүйікті асым ол - Бешбармақ. Ол өте дəмді. Маған оны пісіруді Анам үйреткен. Ол ондай қатты қиын емес. Ең алдымен қазанға ет саламыз. Ет пісуге жақындағанда сәбіз , кортоп, жуа салады. Олар піскенде қамырын салады. Мен қамыр илеу білмеймін оны анам илейді əлде өзім дүкеннен жайма аламын. Бешбармақ піскенде мен əкем мен ағамның қолына су құямын. Олар маған "көп жаса" деп бата береді. Анам тамақты дастарқанға əкеледі. Əкем етті турайды. Əкем тамақты бірінші бастайды одан кейін анам , ағам сосын мен. Дастарқанда отырғанда əкем: "дəмді болыпты"-, дейді. Мен айтамын: " мұны сенің қызың пісірген",- деп мақтанамын . Сонда ағам:" қолың дерт кормесін ",- дейді.