Төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз. Олармен сөйлемдер құрастырыңыз. Қазақстанда үштілділік білім беру жолдары жүзеге асырылуда. Лексика – сөз мағынасын зерттейтін сала. Ұлыбританияда тұратын 10 жасар Соня – полиглот қыз
Қыз көру
«Қыз көру» (салт). Кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаздар , сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз аулына барады. Қазақта «Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады. Ондай жігіттерге ешкімнің наразылық білдіруге, тосқауыл жасауға қақысы жоқ. Керісінше жігіттерді салтанатпен қарсы алған. Ауылдың бойжеткен өр мінезді, еркін қыздары мұндайда «қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке олар да сын көзбен қарап, өз ойын ашық айтқан. Бір-бірін сынаған қыз-жігіттер айтысқа түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген. Демек, жігіт пен қыз бір-бірін ұнатқан жағдайда да құдалық жолы жасалған. Олай болса, бұрын да қыз-жігіттің ұнатып, сүйіп қосылған кездері болған.
Әрине, қазақ салтында «қыз көру» үнемі бола бермеген.Оған аты белгілі а мен жігіттердің ғана қолы жеткен.
Бата аяқ
«Бата аяқ» (салт) Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз аулына келіп «бата аяқ » өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді. Батаның екі түрі бар:
1. Кесімді бата жасау, мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері: алыс-беріс, келу-кету
2. Кесімсіз бата – мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді.Жағдайға, уақытқа қарай кейін белгіленеді.
Айтыс
Айтыс (дәстүр, өнер) Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын , той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойларына жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Айтыстың түрлері де көп. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы.
Әмеңгерлік
Әмеңгерлік (салт) Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеу қайтыс болғанда оның жесірі "ерден кетсе де, елден кетпек жоқ”, "аға өлсе, іні мұра” деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен де негізделген. Жесірді басқа жаққа жібермеудің бірнеше әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де, оның балалары да туған-туысынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге тәрбие алады. Өмірде, тұрмыста қағажу, қиындық көрмейді. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған.
Бата
Бата (бата беру, бата алу) ( дәстүр ) Бата – ақ тілеудің белгісі. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым. Ең жақсысын халық "ақ бата” деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар:
- Жас талапкерге бата
- Дастарқанға бата
- Алғыс батасы
- Жаңа айдың батасы
- Наурыз батасы
Теріс бата
Теріс бата. Бұл – бата деп айтылғаны болмаса, қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай бата сенімді ақтамаған, өзіне қолы, тілі тиген баласына әкесінің қолын теріс жайып берген батасы. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған. Атаның теріс батасын алғандарды халық та жек көрген.
Арыздасу
Арыздасу (ғұрып). Бұл өмірден өтіп бара жатқан адам соңғы сағатында туған-туысқандарымен, бала-шағасымен соңғы рет тілдесіп, олармен қоштасады. Қатесі болса, кешу сұрайды. Өсиетін, арманын айтады. Бүкіл ел-жұртымен, туған елімен қоштасады. Арыздасу – тірі адамның соңғы тілеуі, ақырғы сөзі. Мұны өлім сәті таянғанын сезген әр адам есі, тілі барында айтып қалуға тырысады. Мұнда ауру жанында отырған адамдар «бақұл бол», «қияметте кездесейік» деп көзіне жас алады.
Сүйінші
Сүйінші (салт) Қуанышты хабар хабар жеткізушіге үй иесі «қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың , ризалықтың белгісі.
Объяснение:
Жырда осындай салт-дәстүрлер кездеседі
Мысалы әменгерлік. Төлеген өлгеннен кейін Жібекті оның інісі алады. Бұл салт- дәстүрдің мақсаты ағасының әйелің жесір калдырмау.Балаларын жетімдетпеу.
Басқада салт-дәстүрлер бар.
Өзің барынша қысқартып жазасын ғой.
1)Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.
2)Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).
3)Материалдық құндылықтарды есепке алу үшін мына төмендегі негізгі міндеттемелердің орындалуы шарт: босалқылардың кіріске уақытында және толық енгізуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау
4)Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап (мысалы, ұжымдық үдеріс қауымдастық пен жеке тұлғалылыққа алмасты, ұлттық, қоғамдық құндылықтардан гөрі жеке құндылықтар басымдылық таныта бастады), жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды.