Төмендегі сөздерді қатыстырып , мәтіннің мазмұнына қатысты 5 сұрақ құрап айт . Үлгі : Студенттің серігі Антонға не үшін кеңес берді ? Үшін , көмек , әлі , бөгде , берешек , толыққанды , кеңес . Француз жұртының бір білімді адамы былай деп жазады : 1791 жылы өзім « университет » деген үлкен школда оқып жүрген жігіт едім. Апта сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып - қайтып тұратынмын . Сонда әрдайым жолымда "Антон " деген тіленші қайыр сұрап отырушы еді . Бір күні тағы сол жолмен келе жатып , орта бойлы арықтау кісімен жолықтым . Екеуіміз бірге келе жатқанда Антон алдымыздан шығып , қайыр сұрады . Қасымдағы кісі тоқтап , Антонның бетіне қарап тұрды да : - Сен қарауға есті кісі секілді көрінесің , жұмыс істеуге қуатың да бар .Сөйте тұрып , мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің . Бай болғың келсе , мен саған ақыл айтайын : мен өзім де сендей кедей едім , бірақ тіленші болған жоқпын .Елден, қалақаладан қыдырып жүріп , әуелі қоқыстан не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап , жиып жүрдім . Ол шүберектерді қағаз істейтін фабрикаларға апарып, саттым . Сөйтіп , біраз ақша болған соң бір есек , бір арба алдым . Мұнан соң әуелі аздап , бара - бара көбірек , әр үйден ескі - құсқы , тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып , арбамен жүріп сауда ете бастадым . Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша таптым . Содан кейін қағаз фабрикасына кірістім . Жасым жас , ісіме нық , жинақты , еріншектікті білмедім . Осы күнде еқі үлкен тас үйім бар . Фабрикамды балама бердім . « Балам да аштық көре қалмас » деген үмітім бар . Себебі - баламды жасынан бос жүруге , еріншектікке , қиналмай мал табуға үйретпедім . Осы айтқанымды тыңдап , еңбектен қашпасаң , сен де бай боласың , - деді де жөнiне жүріп кетті .Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып , қайыр сұрауын да ұмытып , тұрып қалды . 1815 жылда « Брюссель » деген қаладан өтіп бара жатып , бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім . Дүкеннің ішінде бірнеше приказчикке : « Олай ет ! Бұлай ет !- деп бұйыпып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс көрінді . Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп , бетіме қарап тұрды - тұрды да қасыма келіп : — Айып етпесеңіз , сұрайын . Мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп , жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүруші ме едіңіз ? - деді . Сонда ойыма түсіп , таңғалып : - Сен Антонбысың ? – дедім . -Pa - ac , деді Антон , - Мен сондағы көрген тіленші Антоныңызбын . Бір күні қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме қонды . Тіленшілікті тастап , жұмысқа кірістім . Ісіме нық , малыма күтімді болдым . Ақырында , сол кісінің айтқаны келіп , мінекей , осы зор дүкеннің иесі болдым , деді .
Объяснение:
Неліктен мемлекет Қазақстан деп аталды? КСРО құрамындағы Қазақ Республикасы Одақ ыдырағанға дейін 70 жыл бойы өмір сүрді, яғни «қазақ» атауын тоталитарлық үкімет мойындады. Бірақ неге 1991 жылы олар тәуелсіздік алған кезде біздікі. елді Қазақ Республикасы деп атаған жоқ па? «Біріншіден, сол кезде қазақстандықтардың әлеуметтік мәртебесін және халықтың үлесіндегі басқа ұлт өкілдерінің едәуір пайызын ескеру қажет болды», - деп түсіндіреді Ч.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі Сәбит Шілдебай.
Объяснение:
Қайырымдылық-игі іс. Осы игі іспен айналысқан ел-игі ел. Біздің мектебімізде 16 қараша күні ҚР тәуелсіздігіне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Менің бұл жағдайдан алған әсерім өте тамаша. Жұртымның қаншалықты қайырымды, мейірімді, жүрегі жұмсақ екендігіне көзім жетті. Олар қайырымдылық үшін соншалықты тырысты, тіпт сатып алушыларға да жылы шырай танытып, жылы жүзбен қарсы алды. Бұл жәрмеңкені өткізіп отырған мектеп оқушылары. Ал олардың кішкентайынан осылай қайырымдылыққа бас бұруы жарқын болашаққа бастар жол деуге болады. Осындай ұлт санасын жаңартатын шаралар көптеп өткізілгені дұрыс деп есептеймін.