Төмендегі сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғап , емле ережесіне сай жазыңдар Фестиваль , жүрек , княь , ойын , тап , полк , салық , кітап , принцип , халық , тип , тарих , руль , Донбасс , кеп , дуэт , парк , дизель , балық , ансамбль , шаш , пойыз теп , лагерь , лингвист , лицей , сценарий , линолеум , лифт , логопед , гербарий , герц , гипс , гидролог , графин , глобус , граммофон
Қазақстанда Наурыз мейрамы уш кун: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ жане турік халықтарынын арасында көктем мейрамы жане жана жылдын басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде жане Азірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тaжікстанда жaне Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Тyркияда 21 наурыз кyні аталып өтіледі.
Олимпиадама тұңғыш чемпион Жақсылық Үшкемпiров.
Қысқаша өмір жолы
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысына қарасты Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, Семей қаласындағы мал дәрігерлік институтына түсіп, зоотехникалық мамандықты таңдаған. Жақсылық Үшкемпіров 1974 жылы институтты тәмамдап, қазақ жеріне еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен Алматыға ат басын бұрады. Кішкентайынан қазақша күреспен айналысқан ол жоғары оқу орнында білім алып жүріп, күрестің классикалық және еркін түрлерімен шұғылдана бастаған. Роман Хасанұлы Ильматовтың кеңесімен 1970 жылдан бастап, өзіне таңсық күрестің жаңа классикалық түрімен айналысуды жөн көрген. Әр спортшының өзіндік құпия тәсілдері болады емес пе? Үшкемпіровтың де жауды тізе бүктіретін құпия тәсілдері болатын. Солардың бірі - арқадан асырып лақтыру, бұл тәсілді балуан жақсы меңгеріп, соның арқасында талай қарсыластарын тізе бүктірген. Жақсылық Үшкемпіров күрес кезінде өз қарсыласын дәл бағалай біліп, оның осал жерлерін анық байқап, кездесу нәтижелерін өз пайдасына шешетін. 1975 жылы Алматыда өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасында балуанның жолы болып, қазақ даласының ең таңдаулы боз кілем шеберлерімен белдесіп, бірін қалдырмай жеңіп, Спартакиада чемпионы атанады. Бұл Үшкемпіровтың бірінші алтын медалі еді. Бұл жарыстардан кейін де Ж.Үшкемпіров қазақ елінің чемпионаттарында жеті дүркін жүлдегер атанған. Халықаралық жарыстардан жүлдесіз қайтпайтын ол Олимпиада ойындарына да жолдама алды.
Жұлдызды сәт
1980 жыл. Мәскеу. Әлемдік спорт тарихындағы елеулі оқиға – Олимпиада ойындары. Бұл ойынға қазақ намысын қорғау үшін бірталай спортшыларымыз ат басын Мәскеуге бұрды. Солардың арасында Жақсылық Үшкемпіров те болды. Қазақ балуанының жеңіске жететініне тек оның жаттықтырушысы Вадим Александрович Писарев қана сенгенімен, қалғандары күмәнмен қарады. Міне,айқасатын сәт те келіп қалды. Олимпиаданың жеребе тастау рәсімінің қорытындысы бойынша, қазақ балуаны бірінші белдесуде әлемнің екі дүркін чемпионы Александрумен айқасатын болды. Үшкемпіров секілді чемпиондыққа үміткерлердің қатарында: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештер болған. Бірақ, қарсыласын қырғидай қырған қазақ балуаны Ж.Үшкемпіров чемпион атанып, осы жарыста күллі әлемге ел атын асқақтатып қайтты.