Төмендегі шарттарды орында а) Жуан және жіңішке буынды сөздерді тап ә) Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарға біткен түбір сөздерді тап б) Ашық, бітеу, тұйық буынды сөздерді ажырат Кеше нөсерлеп жаңбыр жауды. Жаңбырдан кейін кемпірқосақты көрдім. Кемпірқосақ алуан түсті екенін байқадым. Аспаннан күн сәулесі түскенде, сен оны аппақ жарық ретінде көресің. Кемпірқосақтың жеті жолағы бар. Кемпірқосақ жолақтары қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін түсті болады.
Осыдан көп жыл бұрын қазақтар әлі киіз үйлерде тұрған кездерде,бір үйде бала өмірге келіпті.Бірақ көп шақырым жерлерде үш басты айдаһар өмір сүрді.Олар өте әлсіз болатын.Бір күні олар кішкентай масаны шақырады,сөйтіп оған жаңадан туылған баланың қаның әкелуді тапсырады.Маса сол кезде-ақ орнынан жытып төюеге ұшады.Сол уақытта қарлығаш ауада алансыз ұшып жүрген болатын.Қарлығаш масаны байқап оның не істейді екенің қарай бастайды. Маса сәбиге жақындап қаның сорайын деген кезде қарлығаг тап беріп оны ісінен бөліп
Спорт туралы диалог.
- Серік, осы екеуміз біраздан бері дос болсақ та, мен сенен ешқашан спорт жайлы сұрап – білмеппін...
- Ия, шынымен де, тіпті қандай спорт түрін ұнататынымызды да білмейді екенбіз.
- Мен суда жүзумен айналысамын. Ал сен ше?
- Мен болсам, футбол ойнағанды ұнатамын. Сен қай уақыттан бері жүзумен айналысасың?
- Мені ата – анам екі жасқа толғанымда алғаш рет бассейнге апарыпты, міне, содан бері мен жүзумен кәсіпқой түрде айналысып келемін.
- Қандай керемет! Қаншама жылдың ішінде бірталай жарыстарға да қатысқан шығарсың?
- Әрине, басында тек Қазақстан аумағындағы түрлі жарыстарға қатыссам, ал қазір әлемнің түкпір – түкпірінде өтетін спорттық додаларда бағымды сынаймын.
- Мен сен үшін өте қуаныштымын. Алдағы жарыстарда тек жеңіске жетіп, егенменді еліміздің көк байрағын көкке желбіретуге тілектеспін!
- Көп рахмет, айтқаның келсін! Міндетті түрде жеңуге тырысамын.