"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге, әдемі киімге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды әрі ыңғайлы болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.
Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.
Мен сабаққа мектеп формасын киемін. Ал сабақтан бос уақытта күнделікті ыңғайлы киім кигенді ұнатамын. Көбінесе ыңғайлы шалбар мен ауа райына байланысты жеңіл жейде (футболка) немесе жұқа күртеше кигенді ұнатамын. Ал мерекелік іс – шаралар мен жиын – тойларға қыздың көркін ашып тұратын әдемі көйлек кигенді ұнатамын. Сонымен қатар, киімге сай аяқ – киім таңдап кигенді жақсы көремін. Аяқ – киімнің әдемілігімен қоса, ыңғайлы болуы керектігін есте сақтаған абзал.
Келешекте өзім де киім безендіру мен тігу саласында жұмыс істесем деп ойлаймын.
-сіздің қай жеріңіз ауырады?
-басым,тамағым ауырады,жүрегім айнып тұр,
-шешініңіз,мен сізді тыңдайын,дем алыңыз,енді тіліңізді көрсетіңіз,сіздің аты-жөні кім?
-иванов сергей николаевич,
-неше жастасыз?
-он төрттемін,
-рентгенге түстіңіз бе?
-иә
-міне,мен сізге керекті дәріні жаздым,күніне үш рет қабылдауыңыз керек,
-тамағымды немен шайғаным жөн?
-шаятын дәріні де жаздым,бір апта дәрілерді ішіп,қаралуға тағы да келерсіз,
-рақмет
-енді рецепт бойынша дәріханадан дәрілерді алып,емделіңіз,сау болыңыз,
-сау болыңыз
Киім туралы.