Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. тілші: - шиелілік қыз-келіншектер соңғы кездері жоғалып бара жатқан киіз басу өнерін қайта жаңғыртып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. қолдан жасалған бағалы бұйымдар экспо -2017 халықаралық көрмесінде туристер назарына ұсынылмақ. шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер бұйымдары. әсіресе, ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс жоғары. айжан бекқұлова, қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы: - әрине, тек сыйлық ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет, қамзол, көйлек, етік, қолғаптардың да сан түрін жасауға болады. қазір қолдан жасалған экологиялық таза заттарға сұраныс жоғары. сондықтан да біз қызылордада туризм саласын ға жұмыс жасап жатырмыз. әуелі қыз-келіншектерді оқытып, үйретіп алмақпыз. сонан соң дайын өнімдерді көрмеге қою, сайттарға шығару, сату жұмыстарымен айналысамыз. маған тренингке қатысып жатқан қыздардың белсенділігі өте ұнады. барлығының да қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіп кетеді. қазақы дәстүрді жалғастырып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасау – өте маңызды кәсіп.1. мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.сұрақтар1.2.2. мәтіндегі негізгі мәселені анықтаңыз.3. «ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың тиімді жолдары қандай? » деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.