Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. тілші: - шиелілік қыз-келіншектер соңғы кездері жоғалып бара жатқан киіз басу өнерін қайта жаңғыртып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. қолдан жасалған бағалы бұйымдар экспо -2017 халықаралық көрмесінде туристер назарына ұсынылмақ. шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер бұйымдары. әсіресе, ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс жоғары. айжан бекқұлова, қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы: - әрине, тек сыйлық ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет, қамзол, көйлек, етік, қолғаптардың да сан түрін жасауға болады. қазір қолдан жасалған экологиялық таза заттарға сұраныс жоғары. сондықтан да біз қызылордада туризм саласын ға жұмыс жасап жатырмыз. әуелі қыз-келіншектерді оқытып, үйретіп алмақпыз. сонан соң дайын өнімдерді көрмеге қою, сайттарға шығару, сату жұмыстарымен айналысамыз. маған тренингке қатысып жатқан қыздардың белсенділігі өте ұнады. барлығының да қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіп кетеді. қазақы дәстүрді жалғастырып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасау – өте маңызды кәсіп.1. мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.сұрақтар1.2.2. мәтіндегі мәселені анықтаңыз.3. «ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың тиімді жолдары қандай? » деген тақырыпта эссе жазыңыз. 45 !
1.Қолөнердің қай түрі жрғалып бара жатыр?
2.Шиелілік қыз-келіншектер қолөнердің қай түрін жаңғырта бастады?
3.Қолдан жасалған бағалы бұйымдар қайда ұсынылмақ?
4.Шетелдік қонақтарды не қызықтырады?
5. Жоғары сұранысқа қандай бұйымдар ие?
6.Қазазстан қолөнершілерінің төрайымы кім?
7.Айжан Бекқұлова қолөнер бұйымдары туралы не айтты?
Мәтіндегі маңызды мәселе -ұлттық қолөнерді дамыту,қайта жаңғырту.
Эссе.
Ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың тиімді тәсілдерінің бірі-мектептерде қолөнер үйірмелерін ашу, технология сабағына "Ұлттық қолөнер" пәнін қосу. Қолөнермен айналысатын адамдардың еңбегін насихаттау, шеберлердің бұйымдарынан кқрме ұйымдастыру. Осындай қолөнер шеберлерін мектеп,оқу орындарына дәріс беруге ,шебер-сыныптар өткізуге шақырса болады. Жоғарғы оқу орындары мен колледждерде "Ұллтық қолөнерді зерттеу" факультеттері ашылып,арнайы мұғалімдер сабақ берсе нұр үстіне нұр болар еді.
Объяснение: