Төмендегі үзіндіні өңдеп, қазіргі жастарға «Қой, жастар, күн болды ойланарлық» тақырыбында ой салатын монолог жазыңыз.
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық!
Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық,
Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық.
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудай болсам деп таласарлық.
Үлкендерде мінез жоқ танданарлық,
Олардың қылған ісі – ұрлық-қарлық.
Арам ойды ақыл деп ардан күсіп,
Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?
1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2. Өз елім, өлең төсегім.
3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.