Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні
далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.

Қыс туралы тақпақтар.
Қыс күні
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыскүні!
* * *
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыскүні!
* * *
Аққала – ақ бала
Аққала мен ақ бала,
Сырғанайды сырғанақта.
Жаздым тақпақ бәріне,
Ақ қыс сұлу ақ өлең.
Ақ бала жасады аққала.
Ақ қар жатыр далада.
Көңілді қыс!
Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
* * *
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса жаусын ақша қар.
Жауды,міне қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті оларды.
Үстін жауып көлдердің,
Бетін бүркіп белдердің.
Жастық етіп тауды асқақ,
Жантайыпты жамбастап.
Уақыт мол бөлеміз,
Қыс қызығын көреміз.
Сары аязға шыңдалып,
Шымыр болар денеміз.
Жылда осылай келеді,
Көп қуаныш береді.
Шашу етіп біздерге,
Ақ күмісін төгеді.