Түріктер туралы тарихи деректер. 2-сабақ Дерекке сәйкес келмейтін ақпаратты анықта. Ышбара баға (Ешбар) қағаны Қытай императорына былай деп хат жолдады: «Көк Тәңірі Түрікті құрғалы 50 жыл уақыт өтті. Осы уақыт аралығында кең даланы иеленіп, жеке дара билік етіп келеміз. Мемлекетіміздің жер ұзындығы 10 мың лиден асады. Әскеріміз бен жылқымыздың саны 10 млн-ға толады. Көшпелілер арасында біздің елден күшті ел жоқ». «Суйшу» кітабы, 84 тарау, «Түрік тарихы».
Еуразия материгінің екі дүние бөлігінен тұратынын білесіңдер. Ең алдымен еуропалық бөліктің табиғат жағдайы, халқы мен елдері, олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы қыскаша мағлұмат беріледі. Қа-зіргі кезде Еуропа елдерінің мәдени, шаруашылық байланыстары одан әрі нығаюда. Еуропалық Одақтың құрамына кіретін елдерде ортак акша (еуро) енгізілген, ал тұрғындары бір елден екінші елге еркін өтіп, саяхат жасауына мүмкіндік алған.
Еуропа елдері ежелден-ақ географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, төрт тарихи-географиялық аймаққа топтастырылған. Олар Солтустік Еуропа, Батыс Еуропа, Шыгыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа болып бөлінеді.