«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-тапсырма. Кестені толтыр. Бірінші бағанға Ақтан жастың кескін – келбетін, екінші бағанға Ақтан жастың төрт маңызды іс- әрекетін жаз. Ақтан жастың кескін-келбеті Ақтан жастың 4 маңызды іс-әрекеті 1 2. 3 4 2-тапсырма. «Маған сыры мәлім болған бір құпия» тақырыбында Ақтан жасқа (50 сөз көлемінде) хат жазыңыз.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар
1-тапсырма
Ғаламтор және мен"
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты.Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар та компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.