• Төреғұл Ағыбайларды қалай қарсы алды? • Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам?
• Саяқбайдың Қозыкүреңді аман алып қалу үшін жасаған әрекетін, жануарды арулап көмуін қалай түсінуге болады?
• «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын» деген сөзді қалай түсінуге болады?
Бала сылаумен өседі.
Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын.
Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.
Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес.
Ағаштан ағаш сәнін алады,
Адамнан адам тәлім алады.
Бір адамға қадірің жүрмесе,
Екі адамға күлкі боласың.
Пышағыңды мұқалтпа,
Не кеспесті біліпсің?
Сырын білмей сыр айтпа,
Не деспесті біліпсің?
Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең.
Ана сүтімен бітпеген қасиет
Тана сүтімен сіңбейді.
Қамысты бос ұстасаң қол кесер