Тірек сөзді табу.Мынау Қазақстан Республикасының мемлекттік туы.Қазақстанның туы көгілдір және алтын түсті.Тудың ортасында күн және қыран бейнеленген.Көгілдір түс бейбітшіліктің,ашық аспанның белгісі.Күн бейбітшілік белгісі.Қыран құс еркіндік белгісі.Күн,қыран және ұлттық өрнек алтын түсті.Алтын түс молшылық пен байлықтың белгісі. Тірек сөздерді табу керек.
Абай өлең жазуды 10 жасында ( « Кім екен деп келіп ем түйе қуған ... » ) бастаған . Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — « Йузи - рəушəн » , екіншісі « Физули , Шәмси , Сәйхали » . « Сап , сап , көңілім » , « Шәріпке » , « Абралыға » , « Жақсылыққа » , « Кең жайлау » өлеңдері 1870 80 жылдар аралығында жазылған . Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — « Қансонарда » 1882 ж . жазылған . Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып , көзқарасы қалыптасып , сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді . Шығармалары үш жүйемен өрбиді : бірі – өз жанынан шығарған төл өлеңдері ; екіншісі ғақлия ( немесе Абайдың қара сөздері ) деп аталатын прозасы ; үшіншісі – өзге тілдерден , әсіресе орысшадан аударған өлеңдері .
Аспан әлемі адамзатты ертеден қызықтырып келеді.Әр ғасырда ғұламалар аспан сырын ашып,әлемге жаңалықтар ұсынып отырған. Ең алғаш Қытайда жұлдыз каталогын,ал Аристотель дүние құрылысының жалпы жүйесін жасаған.13ғасырда ат-Туси Әзербайжанда обсерватория салдырып,планеталар қозғалысының жаңа кестесін жасаса,1428-1429ж.Ұлықбек Самарханда обсерватория салдырып,1019жұлдыздың каталогын,планеталардың қозғалыс кестесін жазған.Ал Галилео Галилей өзі істеген телескоппен аспан денелеріне бақылау жүргізген.19ғасырда аспан денелері жүйелі түрде зерттеле бастады.Қазіргі заманда аспан сырын зерттеу саласы кеңейіп,ауқымы өсіп көп салалы ғылымға айналды.Республикамызда 1942ж. тұңғыш отандық обсерватория салынды.