В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
анна3031
анна3031
15.09.2021 06:30 •  Қазақ тiлi

Тірек сөздер мен жаңа сөздерді , өздік етісті қолданып, ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып, латын графикасына көшу жайында өз бағаңды беріңдер.
Тірек сөздер: әлемнің 70 % латын жазуы, латын әліпбиі, Түркия, Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстан, Басқа елде тұратын қазақтар, білім,саясат, ғылым, техника, рухани жаңғыру
Менің ойымша,
Себебі:
Осыған байланысты, баға берер едім

Показать ответ
Ответ:
Zefirka8540
Zefirka8540
15.11.2020 02:41

Еліміз бен халқымыз үшін 2017 жылдың 26 қазаны айтулы күн болып, есте қалды. Бұл күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатыны анық.

Елбасымыз кезекті жолдауларының бірінде "Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек" деген болатын. Латын әліпбиіне көшу тіл тазалығын қалыптастырады.

Латын әліпбиінің қажеттілігіне біздің көзіміз айқын жетіп отыр.

Бұған көршілес елдердің әліпбиі мысал бола алады: Түркия латын әліпбиіне 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты.

Дегенмен, бұл мәселеде асығыстық танытпай, қоғаммен де талқылап, әліпбиді құрастыруда үлкен сауаттылық таныту қажет. Себебі ғылым мен техниканың талап етуі арасында тілімізге нұқсан келмеуі керек.

Қазақ жазуының тарихына тоқталар болсақ, 900 жыл бойы қазақ жерінде араб әліпбиі қолданылып келді. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, ол кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Қорыта айтқанда, латын әліпбиіне көшу әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет, сонымен қатар бұл серпіліс ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатыны анық.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота