Тірек сөздерді пайдаланып, мұнайшы кәсібінің қыр-сырын ашып мәтін құрыңыздар. Тірек сөздер: геолог, бұрғылаушы, кен орны, ұңғыма, ыстық күн, қақаған қыс, ауыр еңбек.
Алматы метросы — Қазақстандағы тұңғыш, Орталық Азиядағы екiншi, ТМД-дағы 16-жерасты жолы болмақ. Әзiрге жетi стансадан тұратын метро желiсiнiң жалпы ұзындығы 8,56 шақырымды құрап отыр. Алматы метросына осы көрсеткiшi арқылы ғана «Гиннестiң рекордтар кiтабына» енуге болады. Бүгiнгi таңда ең қысқа метро ретiнде «Гиннестiң рекордтар кiтабына» 7 стансаның басын бiрiктiрiп, жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрап отырған Екатеринбург қаласының метросы енiп отыр. Алғашында 32 стансаға жоспарланған метрополитен тоқырау жылдары қаржының тапшылығынан банкротқа ұшыраған болатын. КСРО-ның тұсында алғашқы топырағы шығарылған Екатеринбург (Свердловск) метросының 22 жыл салынғанын ескерсек, Тәуелсiздiгiмiздiң елең- алаңында ғана түрен салынған Алматы метросының бүгiнгi күнiне тәубе деуге болатындай. 23 жылға созылды десек те, соңғы 10 жылда құрылысы жандана түскен метроның әлемдiк сипатына әлем таңданатындай болады десек, артық айтқандық емес.Лондон метросы – қарт Еуропадағы ең ежелгi метро
Әрине, келісемін. Менде киімдер көп емес, бірақ бәрі ұнамды киімдер.
Жылдың әр мезгіліне арналған киімдер ме?
Ия, мендегі жаздық киімдер арзан, жеңіл, қонымды. Ал, аяқ киімдер жоғары бағадағы, сапалы. Себебі, аяқ киімдер ыңғайлы болу керек.
Мені де анам солай үйретеді. Ол әрі басың да қысқы мезгілде жылы болуы керек, сондықтан жылы бас киімдер бірнешеу болу керек дейді.
Сенде сапарға шыққанда киетін киімдер бөлек пе?
Ия, сапарға шыққанда киетін арнайы киімдер бар.
Оның өзі де әр түрлі шығар?
Ол киімдер де әр түрлі, жазда, қыста, күзде, көктемде деп бөлінеді.
Ойынға киетін киімдер тағы бар.
Олар да әр түрлі ме?
Әрине, әр түрлі киімдер, мезгілге байланысты.