Тірек сөздерді (үштен кем емес) теріп жазыңдар Мәтіндегі негізгі ой қандай?
Жетекші сұрақ қояды
2. Төл сөз бен автор сөзін теріп жазыңдар.
Қазақстандық саяхатшы
Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламақ, - деп хабарлайды Азаттық. 26 жастағы Мағжан Сағымбаев 28 мың шақырым жолды жүріп өтпек. 2014 жылдың 1 мамырында басталатын саяхат 2015 жылы наурыз айында аяқталады. «Сапарымда Қазақстаннан бастап, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия елдеріне барамын. Одан әрі Еуропаның 18 еліне сапарлауды жоспарлап отырмын. Солтүстік Америкада АҚШ территориясын, Аустралия, Малайзия, Тайланд, Камбоджа, Вьетнам, Қытайды шарлап шығамын. Қытайдан кейін елге ораламын», - дейді саяхатшы. Ол күніне 50-ден 200 шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр. АҚШ-ты 100 күнде, Қытайды 90 күнде, Аустралияны 30 күнде аралап шықпақ. Мағжан Сағымбаев: «Әр қаладан көрген-білгенімді әлеуметтік желі мен блогым арқылы бөлісіп отырамын», - дейді.
Достықты бағалау керек.
Достық - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Менің ойымша, ең бастысы адамдар бірін – бірі түсініп, қиын жағдайда қолдау көрсетіп, қуанышты бірге қызықтаса, міне, осыны мен мінсіз достық деп білемін, ал сіз менімен келісесіз бе?
«Сен маған досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып берейін» демекші, дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі, адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын адамды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылықтары мен көзқарастары бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Дегенмен, кемшіліксіз адам болмайды, әрқайсымыздың өз кемшіліктеріміз бар. Сондықтан да, менің ойымша, мінсіз дос болмайды. Немесе, мінсіз дос осындай болу керек деген тұжырымдама да жоқ.
Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Дана халқымыз да достық қарым – қатынасты ерекше бағалап, қастерлеген. Сондықтан достық қарым - қатынасты бағалап, адал дос бола білуіміз керек деп ойлаймын.