Түркі дәуірі Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Ол оңнан солға «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқылған.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, содан кейін біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып пен салт-сана, діни-наным сенім, мақал-мәтел мен батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдар жасай білген.
1-тапсырма ( )
Мәтін ішінен шылау сөздерді теріп жаз.
2-тапсырма ( )
Мәтіннің негізгі ойы не? Ойыңды жинақтап, жүйелеп, өзіндік көзқарасыңды қоса отырып 3сөйлеммен жаз.
3-тапсырма ( )
Мәтін негізінде "Түркілер" сөзіне синквейн құрап жаз
3-тапсырма
1.Түркілер
2.Көне,батыл.
3.Өмір сүрген,тұрған күрескен.
4.Көне түрлілер-көшпенді халык.
5.Көшпенділер