Түркіге ортақ термин мен телеарна құру мүмкін бе? сұрағы бойынша өз позицияңызды анықтаңыз, мәтіндегі ақпаратты қолданыңыз.
Бүгінде көптеген тіл мамандары алдымен түркіге ортақ термин жасап, ор-тақ жазу жағдайын қалыптастыру мәселесін қайта қаузап келеді. Бұған қоса, соңғы кездері түркітілдес елдерге ортақ теле-радио ашу жағы да жиі айтыла бастады. Бұл ұсыныс-талаптардың бәрі, әрине, біртұтас түркі идеологиясына қызмет ететін құралдар екені даусыз. Енді тек осы идеяларды жүзеге асыру тетіктерін жандан¬ды¬ру қажет. Жуырда ғана Анкарада өткен Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік ассамблеясының әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша тұрақ¬ты комиссиясының кезекті отырысында аталған мәселелер жан-жақты қаралған. Бұл басқосуда түркітілдес елдердің ортақ телеарнасын құру мәселесі күн тәртібіне қойылса да, қандай да бір нақты шешім қабылдана қойған жоқ. Онда тек түркітіл¬дес елдердің ортақ телеарнасы құрылған жағдайда оны түркітілдес елдер немесе ТүркПА мүшелері бірлесіп қаржыланды¬руы тиіс екендігі ғана ұсыныс ретінде айтылған. Сонымен қатар ТүркПА мүшеле¬рі ұзақ жылдар бойы талқыға түсіп келе жатқан «түркіге ортақ термин» мәселесін де қайта қарап, біржақты шешімге келе алмай отыр. Бұл бағыттарда Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы да бірқатар жобаларға атсалысып келеді. Себебі ортақ термин жасау бір-екі жылда еңсеріле қоятын шаруа емес. Ал осы мәселемен тікелей айналысатын лингвист ғалымдар кеңесінің жұмысшы тобы әлі құрыла қойған жоқ. Түркіге ортақ телеарна ашыла қалған жағдайда ондағы бағдарламалар қай тілде жүргізіледі және ол қай мемлекетте орналаспақ? Бұл да айтылғаннан соң, жүзеге аса салатын оңай іс емес. Дегенмен мұндай әрекеттердің өзі бүкіл түркі әлемі¬нің мүддесі үшін бірқатар игі бастамалар¬дың қолға алына бастағанының жарқын көрінісі бола алады.
Кейс
1Позиция
2.) Дефиниция (кілтті сөздер және оның анықтамасы)
3. Өзектілігі (мәселе несімен өзекті?)
4. Статистикалық мәлімет (бүгінгі таңда туындап отырған жағдай
5. Мәселенің шығу себептері
6. Шешу жолдары
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.