Қазақтың қара домбырасы, халық әндері мен күйлері уақыт өткен сайын жапон халқын баурай бастады, - деп хабарлады
Телеарнаның мәліметінше, Такахаши Наоки есімді жапон өнерпазы домбыра, қылқобыз және сыбызғыны мінсіз меңгеріп алған. Такахаши Наоки - Фукуи префектурасының тұрғыны. Ағылшын тілінен сабақ береді. Алайда жас маманның бар ынта-ықыласы тілге емес, қазақтың ұлттық аспаптарына ауған сияқты. Ұлы дала елінің әндері мен күйлерін насихаттау жапон жігітінің биік мақсатына да айналған.
"Қазақстан - өте көркем, таңғажайып ел. Мен онда жиі бара алмасам да, сол жақта үйренген сүйікті ісімді өмір бойы жалғастыратын боламын", - дейді домбырашы Такахаши Наоки.
Такахашидің қазақ әуендеріне деген сүйіспеншілігі 13 жыл бұрын күтпеген жерден оянған. Кездейсоқ қолына түскен дисктен домбыраның үнін естіген ол мұның нендей аспап екенін білуге құмартады. Көп ұзамай ынтызар болған домбырасы қолына түседі. Сол сәттен бастап өнерлі жігіт күй тартуды өздігінен үйрене бастаған. Киелі аспаптың құдіреті кейін оны Қазақстанға да жетелеп алып келді. Білікті ұстаздармен танысып, өзі өнерпаздармен араласқаннан кейін, Такахаши "қазақтың мәдениетіне тіптен құмарттым", - дейді. Оның таңдаған жары да қазақ қызы.
"Күйеуім екеуіміз дуэт құрдық, отбасылық және музыкалық дуэт. Жапондықтар қазақ әндері мен мәдениетіне қатты қызығады, ал халық әндерін тыңдағанда тіптен қуанады. Содан кейін олар Қазақстан туралы білгілері кеп, оның қай жерде, халқы қандай екенін сұрай бастайды. Біз бәрін айтып беруге тырысамыз", - дейді Такахаши Наокидің жұбайы, музыкант Инара Серікбаева.
Арлылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттің бірі. Арлы кісі – ұят, иба, намыс, қанағат, әдеп, шүкіршілік секілді бірқатар игі қасиеттерді бойына жинақтай білген мол парасат егесі. Қазақ халқы – талайлы тағдырында сан түрлі қиындықтарды бастан кешсе де, арына дақ түсірмеген текті халық. Артық күлкі, артық ұйқы, артық тамақтың өзін арсыздыққа балаған ата-бабаларымыз ар тазалығына өткір сынмен қараған. Ел ішіне кең тараған «Мал сақтама, ар сақта», «Ердің құны бір ділдә, абыройы мың ділдә», «Ар – иманның жолдасы», «Ақылың болса, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген нақыл сөздер соның белгісі.

ответ провилно
АҚЫЛДЫ БОЛСАҢ, АРЫҢДЫ САҚТА!

Объяснение:
лучшии ответ берши