Төс қағысып дос болған екі батыр
Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.
Достық – ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен үлкен адамгершілікке тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Ол – адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.
Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр-салақ адамдар бір-бірімен жолдас болып көгертпейді, қайта досына залалын, зиянын тигізеді. Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін айтпау, бір-біріне жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу – бұл жалған достық. «Дос жылатып айтады...», ондай болса шындықты бетіне айтып, тәрбиелеп отырған да дұрыс.
«Емханада» диалог.
- Қайырлы күн!
- Сәлеметсіз бе! Қандай шағымыңыз бар?
- Мен қанды талдауға тапсырғаннан кейінгі қайтадан тексерілуге келдім.
- Жақсы, тегіңізді айтып жіберсеңіз?
- Тегім Омаров(а).
- Таптым. Қан талдауы дайын екен. Екі көрсеткіш жоғарылап тұр екен. Кәне, қан қысымыңызды өлшейік.
- Жақсы.
- Қан қысымы сәл жоғарылап тұр екен.
- Ол қауіпті емес пе?
- Жоқ, уайымдамаңыз. Қазір сізге тиісті ем - шара мен дәрі - дәрмектің тізімін жазып берейін. Осы ем - шарадан соң тағы тексерілуге келіңіз.
- Жарайды.
- Міне. Бұл дәрілерді тегін өзіміздің әлеуметтік дәріханамыздан алсаңыз болады. 2 қабат 203 кабинет.
- Көп рахмет, дәрігер мырза.
- Ем болсын! Сау болыңыз!
- Сау болыңыз!
1.Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл - 31 желтоқсан 1985 жыл) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Туған күні: 22 наурыз 1902
Туған жері: Қазіргі Жаңажол ауылы, Жамбыл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ресей империясы
Қайтыс болған күні: 31 желтоқсан 1985 (83 жас)
Қайтыс болған жері: Алматы, Қазақ КСР
Ұлты: қазақ
Мансабы: жазушы, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері
Бағыты: драматургия, проза
2. Қазақ солдаты
3. Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев. Ол 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.
Шеген – дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.
Бораш - өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.
Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин - Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері.
Самед Абдоллаев – әзілқой жауынгер.
Семен Зонин - алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі.
4.прототипі – Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов