В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
0rus0
0rus0
18.09.2021 06:29 •  Қазақ тiлi

Түсіндіріп беріндерші! өтінемі! ілияс жансүгіров "күйші" 5 бөлім. осылай өте берді талай күндер,шертілді шер шығарған талай күйлер.айрылып тоқсан күйден қалды күйші,бір-ақ күй билеп алып күндер, түндер.пәлен деп бастаса да мынау күйлер,сындырап өзге жаққа саусақ билер.айналып қыздың күйін қылмыңдатып,қалмайды бастап тартқан күйден сүлдер.бір-ақ күй — қыз күйігі қарашаштың,ханыша есін алып есіл жастың,күйшінің көңілінен соққан дауыл,лақылдап жүрегінен тасқан тасқын.шерткені — сандырағы қызға мастың,қызығу алмасына алма ағаштың.айрылып тоқсан күйдің торабынан,қаңғырған өзге жақга бұл бір қашқын.егерде «домбыра ал! » деп айта қалды: бір күйді бас-аяғы қайталайды.«ой, бауырым! », «ақсақ құлан», «қос келіншек»сандырап мұның бірін тарта алмайды.тартпайды даңғыл күйді, тайқалайды,сүзгілеп өзге бір күй анталайды,жүрегі қолын қағып қыз жетелеп,кеткенін өзі қайда байқамайды.тайпалып жорға болып салдырған күй,мейірін тыңдағанның қандырған күй.тартқанда зарылдатып, сұңқылдатып,аққуды аспандағы қондырған күй.лапылдап, мұз көңілді күйдірген күй,қытып мұз жүректі сүйдірген күй.тасытып тас емшекті тағдыр болған,бота боп нар інгенді идірген күй.қажытып қам көңілді жылатқан күй,бекітіп жылағанды жұбатқан күй.пәлен деп бірауыз сөз айтпаса да,әркімнің өз көңліне тіл қатқан күй.жорға күй жолда шаңы бұрқыраған,жалын күй көкке шапшып лыпылдаған.кәріні қылып ойнатқан күй,бұлақ күй сусағанға сыңқылдаған.тәтгі күй, құмарлық күй сылқылдаған,ауыру асық дертпен ыңқылдаған.домбыра қарашашты қайыстырды,бір тілмен ертеңді-кеш қыңқылдаған.соққан жел айдын көлді шайқамас па? мүмкін бе күйдің, тілін байқамасқа? құршына қыз кұлақтың қақсай-қақсай,домбыра өз арманын айта алмас па? ап-анық күйдің тілі қарашашқа,күй өткір ақ алмастай түскен тасқа.мысқалдап қыз көңіліне ауын жайды,қалмады ханышаға құламасқа…ханыша анда-санда шерттіреді,ол-дағы екі ішектен өрт тіледі.қоймады домбыра да сарнай-сарнай,ішіне қарашаштың дерт кіреді.қарашаш зеріккенде тартгырады,қағынтып, жындандырып, қақтырады.сорлыны қалшылдатып күй безгегі,күйшіні қара терге баттырады.тартгырып, іші пысса күй тыңдады,күй шіркін ылпылдады, бипындады.күйшінің ауыруы күйден жұғып,жыбыршып ханыша да құйтыңдады.дәмденіп шерлі күйі сылқылдады,жалынған жалынды бір жыр тыңдады.жыбырлап, сыбырласып бір тәтті күй,ханыша домбырадан сыр тыңдады.белгілі ханышаға күй мазмұны,«қызық бар, қыз қызықтар» деген тілі.ойға айдап, ханышаны қырға қуып,әкетгі қызды қағып күйдің жыны.тартылған бір тәтті күй күні-түні,қытықгап ертеңді-кеш күйдің үні.бірде , бірде шарап кезек беріп,жуып жүр қыз жүрегін күй сылдыры.ол-дағы екіленді домбыраға,домбыра қақсай бермей болдыра ма? «тартпа! » деп күйді кейде тоқтатады,өйтпесе ышқынған күй оңдыра жынды күй жылыта ма, тондыра ма? көшіріп қыз көңілін қондыра ма? қаһарлы ханышадан көлеңке жоқ ,ала өкпе болды, кетті ол бір .«тарт! тарт! »- деп алағызып кейде шалқып,күй тыңдап отырады бойы қып.қызықгап қиялымен күйге толқып,уһлеп кейде шерін іштен сарқып.сапылдап кейде көңілі көлдей толқып,асқақтап, кейде сөйлеп, желе жортып.түйткілді әлденені ойға алғандай,ышқынып өз-өзінен кейде қорқып.«апырмай, неткен жігіт күйі тәтті? күй бар ма екен күйігі мұнша қатты? өмірдің бар қызығы домбыра екен! жалмап жеп жүрегімді қайда тартты? .күй тәтгі-ау… көк , күн мұнартты,күңгірт не? көлеңкені күн ұзартты…от алды алатауды, кеш кірді-ау күн…әлде күн, әлде көкті күй қызартты? маймыл ма, саусақтары неткен епті? осындай тәтті күйді қайда шертті? міндіріп домбыраға ап кеткендей,күй шіркін көкке ұшырып кетсе нетті? бұлақ па мынау күйі сылдыр етті,барады жүректегі жуып дертті.егіліп қайыршақтай жұмсардым ба,қайратым қара тастай қайда кетті? беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі! құмартқан бір нәрсеге мастың күйі.сылқылдақ міне бір күй тым тәтгі екен,қосылып қызықтаған жастың күйі! соғады кейде суық мұздың күйі,мұз жатқан қарлы алатау, құздың күйі.осы-ақ қой, жаза басып, жаңылмасам…толғанған жар сағынып қыздың күйі! беу жаным жігіт екен! бағлан торы! безектеп не қылмақшы мынау қолы? есіл ер хан боп неге тумады екен? қарадан неге туған, алда сорлы? түу шіркін! мынау бір күй неткен оңды! қытгы-ау, ішіме бір жылу толды.хан ием тағында ағар, мұны берген! бұлбұлым, бұл байғұзым, күйшім болды! бұл сорлы дулат па екен, үйсін бе екен? ​

Показать ответ
Ответ:
vlmx2freddy
vlmx2freddy
25.02.2023 00:47

Объяснение:Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.

0,0(0 оценок)
Ответ:
baktybaevalbina
baktybaevalbina
07.11.2022 10:14

1. Қазақ xалқы бүркітті қалай қастерлеген?

Қазақ халқының ежелден қастерлеп киелі деп санаған құсының бірегейі – бүркіт. Халқымыздың өткен тарихы мен күнделікті тұрмыс тіршілігі тікелей бүркіт құсымен тығыз байланысты.

Халқымыз бүркітті ерекше дәріптеп, «Құс патшасы – бүркіт, аң патшасы – арыстан», «Көк аспанның әміршісі», «Құс төресі бүркіт», «Аспан перісі», «Қа-нат¬тылар тәңірі», «Дала сермендесі», «Қандыкөз», «Болат тұмсық» және т.б. деп өте жоғары бағалап оған үнемі құрметпен қараған.

Бүркіт халқымыздың ұғымында батылдық пен батырлықты, азаттық пен айбындылықты, еркіндік пен бостандықты, өрлік пен ерлікті, қайсарлық пен қайраттылықты сүйетін құс ретінде сипатталады. Соған байланысты «Бүркіт жеті қазынаның бірі» немесе «Ер жігіттің жеті асылының бірі» деген ұлттық ұғымдар қалыптасқан.

2. Қазақ тілінде бүркітке қатысты қанша сөз бар?

Көрнекті ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның деректері бойынша ана тілімізде бүркітке қатысты 1,5 мыңға жуық жеке атау сөздер, сөз тіркестері, теңеу сөздер, мақал-мәтел¬дер, халықтық даналық нақылдар бар.

Бүркіттің жас ерекшеліктеріне байланысты жеке атау сөздердің ана тілімізде көптеп сақталуы да бүркіттің өзіне ғана тән ерекшеліктерін нақты аңғарта алады. Мысалы, Бүркіт жұмыртқасынан жаңа жарып шыққан балапандарының үлпілдек ақ түсті қауырсындарына сәйкес оны «ақүлпек» деп атаған. Кәнігі құсбегілер бүркіт жасын көбіне қанаттары мен құйрық қауырсындарының түсінің жыл сайын түлеп өзгеруіне қарап ажы¬ратқан. Мысалы, 1 жаста – балапан, 2 жаста – қантүбіт, 3 жаста – тірнек, 4 жаста – жастүлек (тастүлек), 5 жаста – мұзбалақ, 6 жаста – көктүбіт, 7 жаста – қана (құмтүлек), 8 жаста – жана (қутүлек), 9 жаста – майтүбіт (қоңыртүлек), 10 жас-та – баршын (кәрітүлек), 11 жаста – барқын (ақтүлек), 12 жаста – шөгел (ақырғы түлек немесе кәрі бүркіт), 15 жаста – сұмтүлек, 20 жастан асқан соң «мола» (молаға ықтағыш деген ұғым) деп атаған.

3. Қыран бүркіт бейнеленген қандай затты білесіңдер?

Қазіргі тәуелсіз еліміздің көк туында қыран бүркіт бейнеленген.

4. Бүркітке қатысты есімдерді атай аласыңдар ма?

Қыран бүркітке деген халық сүйіспеншілігі көптеген аңыз-әңгімелерге арқау болған. Ол сал-серілердің жан серігі, аңшылардың айбынды қол қанаты деп есептелінген. Бүркітке деген халқымыздың құрметі мен аса зор сүйіспеншілігін ұлдарының есімдерін «Бүркіт» сөзімен байланысты қоюынан да байқауға болады. Мысалы, Бүркіт, Бүркітжан, Бүркітбек, Бүркітбай және т.б. Мұның бәрі де перзенттерінің бүркіттей алғыр, бүркіттей қырағы, бүркіттей батыл болуын тілегендігін аңғартады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота