Тəуелсіздік кезеңдегі Қазақ тіл білімі мен əдебиеттануда Байтұрсынұлын тану мəселесі қазақ ұлттық ғылымында бағыты белгілі дербес сала. Таңдамалы жинақтарды қайта шығару бойынша Ахметтану саласында атқарылған өзекті мəселелер- дің бір саласы, ғалым туындыларын бүгінгі, келер ұрпаққа таныстыру. Ғалымның шығармашылық мұрасы 1989-2009 жылдар аралығында бірнеше дүркін қайта жарық көрді. Жалпы саны – 21. Қандай қоғамда болмасын кiтаптың сатылуы, яғни өтiмдiлiгi қашанда басты мəселе екенiн ескерсек, А.Байтұрсынұлы туындыларының бiрнеше рет басылуы оның сұранысқа ие құнды кітап екендігіне айғақ. Бұл қайраткердің зерттеу-еңбектердiң өмiршеңдiгiн көрсетеді. Əрбiр кiтаптың түрлiше тағдыры болады. Кейбiр кiтаптардың санатта бар екендігі де байқалмайды. Ал кейбiрi басылып шыққан күннен бастап, ескiнi есеңгiрете, жаңамен қоян-қолтық араласа, «бүгiнгi кiтап – ертеңгi iс» дегендей қоғамнан өз орнын алады. Зұлмат заман, есімін айтқызбаса да, ғалымның филология саласындағы ғылыми еңбектерi қазақ дүниетанымында өзiндiк сара жолын салды. Ғұламаның «Əдебиет танытқыш» оқулығының «əдебиеттану мен əдебиет теориясының бастауы» болғандығы мойында- лып, оны кеңес тұсындағы əдебиеттану ғылымындағы зерттеу еңбектерде елеусіздеу етіп жазып келді. Кеңестік дəуірдегі ұлт əдебиетін қатаң бақылауда ұстағанын ескерсек, қазақ тіл білімі мен əдебиеттану саласындағы ғалымдардың ғұлама- ның есiмiн айналып өтiп, оның туындыларын сiлтемесiз пай- далануына түсінушілікпен қарау керек те сияқты. Енді қайта жарық көрген шығармаларға тоқталсақ.
1989 жылы «Жазушы» ба А.Байтұрсынов. Шығармалары Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер» 320 бет, (Құрастырушылары: Шəрiпов Ə., Дəуiтов С), 20 000 таралыммен жинақ жарық көрдi. Кітапта алғысөз орнына берілген Ш.Сəт- баеваның «Ахмет Байтұрсынов» деген баянатында тұлғаның мемлекеттік қызметтегі ресми құжаттарының бірі – РКП (б)- ның Орынбор Комитетіне партия мүшелігіне алуды сұраған өтініші берілген. Жинаққа «Маса», «Қырық мысал», «Əдебиет танытқыш» еңбектері топтастырылған. Кітап соңындағы ғылыми түсінікті С.Дəуітов жазған. Жинақ ғалым есімі ақталғаннан кейiн басылған – бiрiншi кiтап. Жинақтың офсеттік қағазының сапасы төмен. Мұндағы ең құнды деректер: жеке суреттері жəне «Маса», «Қырық мысал» кітаптарының мұқабалары. Кітапқа редакторлық жасаған М.Неталиев. Қайта басылған кітапта төлавтор А.Байтұрсынұлының құқы қорғалмаған, тек жинақты бастырушы «Жазушы» ба ның мүддесі қарастырылған.
1991 жылы «Жалын» ба А.Байтұрсынов. Ақжол, Өлеңдер мен тəржiмелер, публицистикалық мақалалар жəне əдеби зерттеу» 464 бет, (Құрастырушысы əрі алғысөзi Р.Нұр- ғалиев), 20 000 таралыммен басылым көрдi. Жинақтың 1989 жылғы жинақтан өзгешелігі, мұнда: М.Əуезовтің «Ақаңның елу жылдық тойы» құттықтауы, əр жылдары жарияланған 43 публицистикалық мақала топтастырылған. Аңдатпасында:
«Отызыншы жылдары сталиндік озбырлықтың құрбаны болған ұлы ғалым-лингвист, əдебиет зерттеуші, ақын-аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынұлының ардақты есімі қазіргі қайта құру заманы арқасында ақталып, артына қалдырған асыл мұрасы халыққа қайта оралды» деген ақпарат береді. Р.Нұрғалиев «Алып бəйтерек» деген тақырыпта ғалымның өмірі, қызметтері жөнінде шолу жасай отырып, əдебиеттанушы ғалымның əдеби мұрасына бүгінгі əдебиет талабы мен та- нымы тұрғысынан талдау жасаған. 1-бөлімдегі: «Қырық мысал», «Маса» туындыларын – М.Мырзахметов, «Ер Сай- ын», «23 жоқтау» ауыз əдебиетінің нұсқалары – Р.Нұрғалиев, 2-бөлімдегі: «Көсемсөз» мақалалары – А.Мектепов, Ғ.Əнесов, «Əдебиет танытқыш» əдеби зерттеу еңбегі – Р.Нұрғалиев дайындаған. Кітап редакторы – Е.Дүйсенбаев, жинақта тұңғыш рет төлавтордың құқы қарастырылып, мүддесі қорғалған. Кітаптың офсеттік қағазы сапалы, əрі көркем суреттермен безендірілген.
Барлық құқықтар қорғалған. EL.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://el.kz/news/archive/akhmet_bayt-rsyn-ly_shy-armalary/
«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деп асқақ арманмен бабаларымыз бізге үлкен үміт артқан. Біз ата-баба үмітіне үкі таға отырып, болашақ ұрпақты халық қазынасымен суындату арқылы балалардың бойына ұлтжандық сезімді қалыптастырамыз. Сөзбен емес іспен елін сүйетін ұрпақты біріктіретін күш – ұлтжандық тәрбие.
Ұлтжандық сезім өз елін, әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлерін, тарихын құрметтеуден басталады. Балаларымыздың бойына ұлтжандық сезімді қалыптастыруда қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын кең түрде қолданудың мәні зор. Салт-халықтар кәсібіне, сеніміне, тірлігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрыпы. Салт уақыт өткен сайын оған жаңалық еніп өзгеріп отырады. Дәстүр ұрпақтан ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан нормалар мен қоғамдық нормалардың және халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдиниетпен тығыз байланысты. Мәдиниеті дамыған ел дәстүрге де бай болып келеді.
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы сатысы. Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, үлкендердің ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала өз отбасынан алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, көргенін, қиялын, ойын тіл арқылы жеткізеді. Сондықтан бала тілі өз ана тілінде даму үшін ұлттық сананы оята отырып, қазақ салт-дәстүрлерінің озығымен тәрбиеленуі керек. Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеліп алынған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңірту, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, соған сай мінез құлқын қалыптастырады.
Қазақ халқы өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі,тақпақ, санамақ т.б. арқылы тәрбиелеп отырған.Тәрбие басы біріншіден әдептілікке үйретуден басталған. Екіншіден баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға баулыған. Үшіншіден тіл алғыш, елгезек, адал, шыншыл, ата-ананы сыйлап, кішіге қамқор болуға, сонымен қатар елін жерін қорғайтын батыр болуға, өз халқы алдында қызмет етуге тәрбиелеген.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымыз, әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлеріміз, халық ауыз әдебиеті үлгілері ертегілер, аңыздар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаш пен санамақтарды күнделікті білім мен тәрбие жұмыстарында пайдаланып келемін, осылардың барлығы бала қызығушылығын арттырады, әрі балалар жылдам қабылдап, жаттап алатындығы байқалған соң, төмендегідей жоспар құрып ретімен пайдаланып келемін.