Тақырыбы Думан Рамазан. «Соңғы дем» әңгімесі Тапсырмалар
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз 1.Еліміздің қай аймағында ядролық сынақ жүргізілді?
2.Ядролық жарылыстардың адамға және экологияға тигізетін зардабы қандай?
2-тапсырма
1.Үзіндіні оқыңыз.
2. Ауыл тұрғындары арасында ауру түрлерінің көбеюіне не себеп болды деп ойлайсыз?
... Гүлжан сиырын сауып, табынға қосты. Ошаққа тезек қалап жүрген Қаншайым қарияны көрiп, қасына келдi.
— Есенсiз бе, әжей?
— Шүкiршiлiк, қарағым. Өз үй-iшiң аман ба? Нұрбек баламның денсаулығы жақсы ма? Бара алмай ұятты болып жүрмiн, шырағым! Күйбең тiрлiкпен күннiң қалай атып, қалай батқанын бiлмей қаласың. Бiр жағынан немеремiз ауырып, берекемiздi қашырып жіберді. Түнi бойы жағы сембей шырылдап жылай бередi.
— Күнi құрғыр да бұзылып тұр ғой. Салқын тиiп қалған болар,- дедi Гүлжан қарияның сөзiн қостаған болып.
— Жоға, құдай! Ол ауырғалы қаш-а-ан... Бөбешiгi екiге айырылып, танауының тесiгi таңдайынан шығып, жарымжан болып туды ғой, байғұс бала. Аузымен ғана дем алады. Кейде ауа жетпей қала ма, әйтеуiр, бiреу буындырып жатқандай тыпырлап, қызара iсiнiп кетедi,- дедi қарт ана жанарына iркiлген жасты жаулығының ұшымен сүртiп.- Адам бола ма, болмай ма, бiлмеймiн!
— Осының бәрi ай сайын жер-дүниенi сiлткiнтiп жатқан жарылыстардың әсерi ғой.
— Иә, жарқыным... Мәдидiң қызы биыл жетiге шықты дегенге кiм иланады. Әлi тұсауын кеспеген сәби секiлдi, былқ- сылқ етiп жүре алмайды. Атом емес, ақырзаман болды ғой бiзге.
3-тапсырма
1.Мәтінді оқыңыз.
2.Мәтін бойынша үш сұрақ құрастырыңыз?
3. Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар. — Нұрбектiң де дертi содан болды ғой деп ойлаймын... Ана жылы шөпшiлер бригадасында iстегенде “Дегелеңнiң” маңынан шөп шапқан едi... Ыстықтаған соң салқындап алайын деп кiшкене көлге шомылыпты. Содан ертеңiнде жауырын тұсына кішкене жара шығып, iрiңдей бастады. Дәрiгерге барып көрiнсеңшi дегенiме құлақ асты ма?! “Қазiр нақуқан кезi. Онсыз да жұмыс бастан асады. Болмашы нәрсе ғой, ештеңе етпес” деп елемедi ғой!.. Ал, жара күннен күнге ұлғайып, қыс түсе Нұрбектiң өне бойына түгел қаптады. Сонан қаралмаған дәрiгерi жоқ, ешқандай ем қонбады. Уақыт өткен сайын аяқ - қолы семiп, қозғалудың өзi күшке айналып барады. Шашы жидiп түстi. Бiр қабат терiсi қураған теректiң қабығы секiлдi қабыршақтанып тұр,- дедi Гүлжан көзiне жас алып.
— Улы жыланның басын қайнатып iшкiздiңдер ме? Мына тұрған “Ақбұлақта” бiреу осылай ауырған екен, содан жазылыпты ғой.
— Е, әжей!.. Жыланды кiм тауып әкеледi. “Жатқанға жан жуымас” дегендей, бiздi адам санатына қосып, елеп- ескеретiн пенде бар ма бұл күнде?! Тек құлын тайдай тебiсiп, тел өскен құрдастары ғана көңiлiн сұрап, қарайласып тұратын. Азын - аулақ малдың жылдағы жем- шөбi де солардың мойнында едi... Биыл, өзiңiз бiлесiз, әлгi Қанат ауырмай-сырқамай асылып өлдi. Серiк кенеттен жабысқан қылтамақтан қайтыс болды. Ал Жайсаң Жетiсу бойына қоныс аударды. Ендi шөп түсiру де қияметке айналды. Сау жүргенде еркектiң қадiрiн бiлмейдi екенбiз ғой!..
— Қарағым, қиналсаң бастыққа барсаңшы, жұмысшыларына жем- шөп түсiрiп беруге мiндеттi емес пе?
4-тапсырма.Берілген сөздерді септе
Жұмыс,уақыт,денсаулық
-не говори ты а обратюшайс на вы.-сказал ей отец Асхат
-но мой друг Сергей обращается к родителям на ты..разве обращение на ты используется при общение между близкими людми?
- у каждого народа есть свой обычай -сказал отец-нужно проявлять вежливость обращаясь к взрослому,к родителям на вы.Вы- это выражение уважение,почета.если к взрослому не обращятся на вы он возненавидит тебя как невоспитаного.
-а обращение на вы к людям любого возраста от мало до велико является обычаем узбекского народа- добавила добродушная мама.