Тақырыбы: О,Бөкей "Тортай мінер ақбоз ат"
№1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қарым-қатынас қандай болу керек?
2. Ораш пен Тортайдың қарым-
қатынасы қандай болды?
3. Бір-бірін қадірлей алды ма?
4. Неліктен Ораш Тортайдан алыстап
кетті?
№2. Берілген тақырыптардың бірін
таңдап әдеби эссе жаз.
1) Тортайдың отбасының болмауы
тағдырына қалай әсер етті?
2) Тортай арманының
орындалмауына кім кінәлі: Тортай
ма, тағдыр ма?
3) «Бұл дүниеде пір тұтар, жалғыз ақ
нәрсем бар,ол- кітап»-, дейді Тортай.
Сендер нені пір тұтасыңдар?
Неліктен?
accouiu coo couLI -
120-150
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.