В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
alkatrasnoob
alkatrasnoob
20.03.2023 00:47 •  Қазақ тiлi

Тақырыбы : «Заң – қоғамның тірегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Ұрлық

Бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. Кеш батса болды, көршісінің үйіне ұрлыққа түседі екен. Ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап кететін көрінеді. Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті.
Бір күні осы елге бір адал кісі көшіп келеді. Әлгі адам кешті өз үйінде кітап оқумен өткізеді. Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден адамды көреді де, өз жөндеріне кетеді. Осылайша біраз уақыт өтеді. Енді жұрт адал адамға ренжи бастайды. Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата үйінен кетіп, таң ата оралып жүреді. Тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды. Ол түнді өзен жағасында аспандағы айға, ағып жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп жүреді. Таңертең үйіне келсе, ұрылар үйін тонап кетеді екен. Біраз уақыттан кейін адал адам кедейге айналады. Ал ұрлықпен айналысып жүрген отбасылар байып, ұрлықпен айналыспайтын болады. Адал адамның үйіне ұрлыққа түскен ұрылар ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. Байығандар адал адам сияқты түнде табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады. Осыдан қала халқы бай, кедей болып бөлінеді. Енді бай адамдар өздері ұрлық істемейді, бірақ кедейлерге ұрлық істетеді. Осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер кедейлене береді. Бірте-бірте байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа жалдауды да қояды. Бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды. Содан ақылдаса келіп, сақшы жиып, түрме салады. Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді ұмытады. Өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. Сонда баяғы адал адам ғана өзгермеген еді. Бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті. Елдің айтуына қарағанда аштан өліпті.

1. Мәтіннен 1 қоғамдық, 1 тұрмыстық мәселені анықтаңыз.
1.
2.
2. Мәселенің бірін таңдап, бүгінгі заман көрінісімен байланыстыра отырып, өз пікіріңізді
4-5 сөйлеммен түсіндіріңіз.


3. Берілген сұрақтардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз. Сөйлеу кезінде кідіріс,
екпін, интонацияны ескеріңіз.

1. Қоғамдағы құқықтық сауаттылықты қалай арттыруға болады?
2. Еліміздегі балалар құқығы қалай қорғалады?
3. Өз құқығын білмеудің салдары қандай болады?
4. Жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың себебі неде?

Показать ответ
Ответ:
11Аслан11
11Аслан11
22.04.2022 11:41
Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?
Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: "Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды", -деген болатын.
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Ксюша00111
Ксюша00111
07.02.2022 19:56

Жазғы демалысымды қалай өткіземін?

Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой.

Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтеді деп ойлаймын. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға барамын. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектесемін. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинаймын. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнаймыз. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кеткені де байқалмай қалады.

Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға барамын. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалады. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, мен барлығына белсене қатысып, атсалысатыныма сенімдімін. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар табамын.

Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға барамыз деп жоспарлап қойдық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім болады. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға барамыз, саябақтарда серуендеп, теңізде суға түсеміз.

Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнайды деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота