Табиғат жаратылысының осынау тамашасына тамсанған ақындар Көкше өңірін« кербез Көкше »деп жырласа, қылқалам шеберлері ондағы пейзаж тудыратын құбылылысты салудан еш жалықпағйді, автор? 1.Көкшетауға тең келетін жер жоқ
2.Көкшетау табиғатының сұлулығы ақындар мен суретшілерге шабыт береді
3.Кербез Көкшенің пейзажын сөзбен жеткізу мүмкін емес
Астың тойы - сабан той.
"Күз – береке,байлықтың бастауы" демекші,күзгі жиын-терім аяқталған соң ел-жұрт сабан той дәстүрін өткізуге жиналады.Мұны егінші ел жасайды.Егін бітік шығып,қырманын қызылдап,оны төкпей-шашпай,суыққа ұрындармай мезгілінде жинап алған ел күзде сабан той өткізеді. Әлбетте,мұнда да кең дастарқан жайылып,ақсақалдар ақ батасын береді.Мұнда ұлттық спорт түрлері:күрес,ат жарысы, жаяу жарыс өткізіледі.Әуезбен күй тартылып,айтыс ұйымдастырылады.Үкілі бөрік,тақия,кимешек секілді ұлттық киімдерін киіп шыққан жастар ана тілінде ән айтып,би билейді.Ұлттық тағамдар әзірленіп,ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрлерді еске түсіріп, театрлық қойылымдар көрсетіліп,той жоғары деңгейде аталып өтіледі.
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.