В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
danilpetuhuv03
danilpetuhuv03
27.08.2022 21:06 •  Қазақ тiлi

Тал шарбаққа мал сақтап, тас қалаға жан сақтап, тасқан екен мына хан! арқаға қарай көшермін, алашыма ұран десермін, ат құйрығын кесермін, ат сауырын берермін, алыста дәурен сүрермін. елің кеңес құрғанда, айналып ақыл табарға, есіктегі ебесін, сонда, ханым, не десін? мен жоқ болсам, есім хан, ит түрткіні көресің. жиембет қайда дегенде, не деп жауап бересін? осы мысалдағы көркемдегіш құралдардың түрлерін анықтап, қолданылу ерекшелігін түсіндіріңіз

Показать ответ
Ответ:
ilyazhuravlev1
ilyazhuravlev1
09.10.2020 04:17

Көркемдегіш құралдар деген не?

Көркемдегіш құралдар – автордың шығарманы әсерлеу,бейнелуіне септігін тигізіп,оның шеберлігін танытатын құралдар.Ондай құралдарға ажарлаудың,құбылтудың түрлерін жатқызуға болады.Олар:эпитет,теңеу,метафора,метонимия,кейіптеу,аллгория,синекдоха,литота т.б.

Өлеңдегі көркемдегіш құралдар.

1) Өлеңде эпитет бар.Олар: тал шарбақ,тас қала.Эпитет – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.Өлеңдегі екі эпиттет де заттың сипатын ерекше ашып тұр.

2) Метонимия қолданылған.Ол : жан сақтап.Метонимия – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Бұл жерде "жан сақтау" – тіршілік ету,өмір сүру деген мағынаны астарлап тұр.

3) Тұрақты тіркестер кездеседі.Олар:ат құйрығын кесермін,ат сауырын беру.Тұрақты сөз тіркестері – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы."Ат құйрығын кесу" мағынасы – қарым-қатынасты үзу,ал "ат сауырын беру" – бөлініп,басқа жаққа кетті деген мағынада.

4) Риторикалық сұрау қолданылған:

Сонда, ханым, не десін?

Мен жоқ болсам, Есім хан,

Ит түрткіні көресің.

Жиембет қайда дегенде,

Не деп жауап бересін?

Риторикалық сұрау(лепті сұрау) – шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. 

5) Сонымен қатар өлеңде аллитерация мен ассонанс қолданылған.Аллитерация:

Тал шарбаққа мал сақтап,

Тас қалаға жан сақтап,

Тасқан екен мына хан!

Бұл жерде "Т" дауыссыз дыбыс қайлатанып тұр.Аллитерация – дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл. 

Ассонанс:

Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін,

Ат құйрығын кесермін,

Ат сауырын берермін,

Алыста дәурен сүрермін.

Бұл жерде "А" дауысты дыбысы қайталанып тұр.Ассонанс –өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота