Сәулет – ұлттық мәдениет жайлы сөзсіз сөйлеп, тілсіз баяндап бере алатын асыл қазына. Ал көшпенділер мәдениеті турасында ғасырдан ғасырға сыр шертіп келетін бірегей құрылыс – киіз үй. Көшпенділер панасы өз бастауын біздің заманымызға дейінгі ХІІ ғасырдан алады. Шеңбер күмбезді қазақ киіз үйінің соңғы сипаты ХІХ ғасырдың басында толық қалыптасқан. Жылыстап жылдар өтсе де, қазақ тұрмысы танымастай өзгерсе де, киіз үй қазақстандық шаруа өмірінің таптырмас бөлігі, бұлжымас қажеттілігі болып қалыптасқан. Неге десеңіз, киіз үй - дала жағдайыдағы ең қолжетімді, оңай тасымалданып, жылдам құрылып-жиылатын, ызғарлы жел мен нөсерлі жауыннан қорғай алатын жалғыз баспана. Бар артықшылығына лайықтап, «Көшпенділер сәулетінің жауһары» деп аталған киіз үйдің құпиясы да осы көп қызметтілігінде болар.
Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашанқұрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннатыТарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды.