жылдың 4 мезгілінің бірі. Бұл мезгілде Жер шары өз орбитасының күн мен түннің күзгі теңелу нүктесінен Күннің қысқы тоқырау нүктесіне дейінгі аралығында болады (қ. Жыл мезгілдері). Астрон. тұрғыдан К. – 90 күн (24 қыркүйек – 22 желтоқсан) созылады. Әдетте, қыркүйек, қазан, қараша К. айлары болып есептеледі. К-де күн суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап, ағаштардың жапырағы түседі. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді. Қазақстан жерінің К-дегі сипаты біркелкі емес, солт. облыстарда егін піскенде, оңт. облыстар егіндерін жинап болады. Бізде Жер шарының солт. жартысында К. болғанда, Оңт. жарты шарда (Оңт. Америка, Австралия, Антарктида) көктем болады

1. Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма.
2. Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой.
3. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті.
4. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген жанды (в оригинале "адам") толық мәнді интеллигент емес деуге болады.
5. Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртынды сүйе алмайсың.
6. Тіл-адам ойының айнасы.
7. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
8. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
9. Тисе терекке, тимесе бұтаққа.
10. Айтылған сөз-атылған оқпен тең.
11. Көңілсіз құлақ-ойға олақ.