Сан ұғымы өте ерте заманда туған. Бұл ұғым ғасырлар бойы кеңейтіліп әрі жалпылана түскен. Өлшеулер жүргізу қажеттілігі оң рационал сандарға әкеп соқтырды.Теңдеулерді шешу теріс сандардың шығуына алып келді. Теріс сандар ұзақ уақыт бойы “жалған” сандар деп есептеліп, “қарыз” (“борыш”), “жеткіліксіздік” (“жетімсіздік”) ретінде түсіндіріліп келген. Оң және теріс сандарға амалдар қолдану ережесі ұзақ уақыт бойы тек қосу және азайту жағдайлары үшін ғана ғарастырылып отырған. Мысалы, бұл ережені үнді математиктері 15 ғасырда былай тұжырымдаған: “Екі мүліктің қосындысы мүлік болады, екі қарыздың қосындысы қарыз болады, мүлік пен қарыздың қосындысы бұлардың айырмасына тең болады”.
Мен жақындарыма, туыстарыма, ата-анама сыйлық сыйлағанды ұнатамын. Әрине, кез келген адамға сыйлық алғанды ұнайтыны секілді, маған да сыйлық алу ұнайды. Сыйлық таңдау сондай қызықтырарлық құбылыс. Мен ағама, әкеме немесе атама сыйлық таңдағанда ер кісілерден ақыл сұраймын. Ал олар анамды, мені көп еркелетеді, бізге әрдайым сыйлық сыйлайды. Ол сыйлықтары үнемі біздің көңілімізден шығады. Отбасымыздағы осы әдемі салтты қатты құрметтеймін. Сыйлық сол адамға деген шын ниетіңді білдіреді. Өмірдің өзі бізге берілген сый!