Танысыңыз. Есте сақтаңыз! Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады.
Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болуы керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек. Мысалы: Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі– қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.
БАСТАУЫШ - атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?
БАЯНДАУЫШ. Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше. Сұрақтары: қайтті, не істеді, не қылды?
3-ТАПСЫРМА. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыз. Үлгі: 1. Біз жануарларды қорғаймыз.(біз-бастауыш, сұрағы кім? қорғаймыз-баяндауыш, сұрағы қайтеміз?)
2.Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар әлемі кездеседі.
3. Зоологтар жыл сайын олардың жаңа түрлерін зерттеуде.
4. Заңсыз аң-құс, балық аулағандарға жаза қатал.
Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. Ғаламды зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия.
Ал барлық ғылым білімге негізделген Ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі. Ғалам туралы ұғымның дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір ежелгі дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (б.з.б. 5 ғ.) еңбектерінде кездеседі. Ол Ғалам мәңгілік, аспан денелерін құрайтын материя жаңадан жасалмайды және жойылмайды деп тұжырымдаған. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытқан. Одан кейінгі дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір-бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілген. Жердің шар тәрізділігі туралы түсінікке сүйеніп, грек философы Филолай (б.з.б. 5 ғ.) және грек астрономы Аристарх Самосский (б.з.б. 4–3 ғ-лар) Жердің қозғалатындығы жөнінде жорамал жасаған. Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дәуірде мұндай озық ойлар қолдау таппай, көмескіленіп қала берген. Птолемей негізін қалаған дүниенің геоцентрлік жүйесі шіркеудің қолдауымен Қайта өркендеу дәуіріне дейін үстемдік еткен. Н.Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғыл.-зерттеуге жол ашты. Жерді аспан денелерінің бірі деп санаған Коперниктің пікірін Дж. Бруно одан әрі дамытып, жұлдыздар әлемі шексіз деген тұжырымға келді. Коперник қалыптастырған дүниенің гелиоцентрлік жүйесі Ғалам туралы ғылымның негізіне айналды. Біз мекендеген Жер де, басқа планеталар, құйрықты жұлдыздар мен метеорлық денелер тәрізді, Күн жүйесінің құрамына енеді. Күн жүйесінің диам. 10 млрд. км-дей. Бұл қашықтықты жарық 10 сағ-қа жуық уақытта жүріп өтеді.