Тапқырлық Пойыз үстінде тербеліп келе жа- Түсіндірме сөздік Ғұлама өз ісінің үздік шебері, ғалым адам. Мелжемді жерг. қа- рымды, білекті, күшті (адам туралы). Табан астында күтпе- ген жерден, кенеттен. тып, өзінің осыдан бес жыл бұрын Лондонда айтқан бір сөзі есіне түсті. 1947 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі депутаттарынан құралған Совет де- легациясымен бірге Ұлыбританияға барған еді. Бұлар асықпай Англияның қалаларын бірнеше күн аралады. Сондай күндердің бірінде делега- ция Лондонда Уинстон Черчилльдің қабылдауында болған. Кездесу ба- рысында Черчил илль әлденені білгісі келгендей қайта-қайта Сәтбаевқа қарай берді. Сол арада қысқаша таныстық басталды. жөн сұраса келгенде, Қаныш Имантайұлы өзінің қазақ елінен екенін айтты. Солай деңіз...- деді үй иесі. Мен қазақтарды ешқашан көрмеппін. Айтыңызшы, Сәтбаев мырза, қазақтың бәрі осы өзі- ңіз секілді мелжемді, бойшаң бола ма? деді. Сонда Қаныш Имантайұлы бөгелместен: Мен орта деңгейдегі қазақпын. Менің халқым менен әлдеқайда биік! - деп жауап береді. Мұның жауабына қасындағы сапарлас серіктері разы болып: Жауабың жақсы шықты. Черчилльді қатырдың! – десіп жатты. Өз сөзінің нысанаға дөп тигеніне Қаныштың өзі де риза еді. Табан астында намысқа шауып айтылған сөз ғой бәрі де. Кейін осы сөзі ел ішіне тез тарап кетті... - TATN
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Мақмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түркі қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13—14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді.