Тапсырма№1 1. Ерлігінің арқасында қараша халық арасында кеңінен танылған, жерді және елді қорғайды, хан-сұлтанның үкімін орындайды:
А) Би
В) Сұлтан
С) Батыр
2. Қалада тұрады, бұрын малшы болғанымен, туыстары немесе өзі барлық малдарынан айырылып қалғандықтан, қалаға қоныс аударған, жер жыртады, егістік суғарады, сөйтіп азын-аулақ күн көріске ақша табады
А) Би
В) Сұлтан
С) Жатақ
3.Шыңғыс хан ұрпақтары сияқты ақсүйек болып саналады, ислам дінін таратады, халық арасында шариғаттың сақталуын қадағалайды
А)Қожа
В) Сұлтан
С) Жатақ
4.Қазақ қоғамында Шыңғыс әулетінен тараған билікті мұрагерлікпен иемденген адам
А) Би
В) Сұлтан
С) Батыр
5.Ел мен елді бітістіруші, елші, дау шешуші, әділ үкім шығарушы:
А) жырау
В) Батыр
С) Би
6.Аса маңызды мәселелер, мемлекет деңгейіндегі істер қай жерде талқыланды?
А) хан кеңесі
В) хан сарайы
С) билер кеңесі
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші, тіл үйрену ешуақытта артықтық етпейді. Қазақ атамның осы сөзінің жаны бар секілді. Дәл қазір 6 сынып оқушысы болсам да, болашақта көп тілді меңгергім келеді. Көп адамнан «Сізге бірнеше тіл білу қажет пе?» деп сұрасаңыз, «жоқ» деп жалтарады. Қазіргі таңда шет тілін меңгермесеңіз де, қазақ тілді ресурстардың жеткілікті екенін айтады. Өкінішке орай, мұндай адамдар біз өмір сүріп отырған қоғамда бар. Меніңше, тілдің пайдасы туралы оны білмейтін емес, білетін адамнан сұрауымыз керек. Себебі қуырдақтың нағыз тіл үйірер дәмін оны татып көрген адам ғана бағалай алады.
Мен ағылшын тілін белгілі бір дәрежеде білемін. Шетелдік азаматтармен еркін тілдесіп, түсінісуге қауқарым жетеді. Дәл қазір екінші тілді меңгеріп жатырмын. Француз тілінде - махаббат, неміс тілінде - қызмет, италия тілінде - құштарлық, ағылшын тілінде - бизнес, орыс тілінде кез келген тақырыпта әңгіме айта аламыз. Мен бұл тұста нақты айтсам да, шынайы мағынасын өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыздар. Кітап бір тілден екінші тілге аударылған кезде, көп өзгеріске ұшырайды.Соның салдарынан көп адам оның құнарын байқамайды.
Өзге тілді меңгеру арқылы сіз басқа әлемге енесіз. Оған басқаша көзқараспен қарайсыз. Әлемді басқа қырынан танудың қандай пайдасы бар? Біз өзгелердің мәдениетіндегі дүниені өзімізге сіңістіре аламыз емес пе?
Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.