Тапсырма-1 1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. Дұрыс жауапты белгілеңіз.
Сарыарқа - Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі - 500-600 метрдей. Солтүстігінде БатысСібір жазығы мен оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы.
Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілеміне жатады.Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.
Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м).
1.Мәтінге сай тақырыпты анықтаңыз:
2.Сарыарқа Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
а/ Оңтүстік
ә/ Орталық
б/ Солтүстік
3.Сан есім қатысқан сөйлемді анықтаңыз.
а/ Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы.
ә/ Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілеміне жатады.
б/ Солтүстіктен оңтүстікке қарай төрт жүз елу шақырым.
4.Мәтіндегі негізгі ойды анықтап жазыңдарТапсырма-1
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. Дұрыс жауапты белгілеңіз.
Сарыарқа - Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі - 500-600 метрдей. Солтүстігінде БатысСібір жазығы мен оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы.
Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілеміне жатады.Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.
Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м).
1.Мәтінге сай тақырыпты анықтаңыз:
2.Сарыарқа Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
а/ Оңтүстік
ә/ Орталық
б/ Солтүстік
3.Сан есім қатысқан сөйлемді анықтаңыз.
а/ Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы.
ә/ Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілеміне жатады.
б/ Солтүстіктен оңтүстікке қарай төрт жүз елу шақырым.
4.Мәтіндегі негізгі ойды анықтап жазыңдар
Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар. Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсіп-өнген, Жәндіктің киік деген баласы бар...
Киікті қазақ және дейді бөкен, Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен. Киікті атып аңшы өлтіргенде, Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен...
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Басқаға жануарды-ау теңгермедім. Көздері мөлдір қара ақ бөкенді, А кем көрмедім...
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен, Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен. Бұл күнде келе жатқан жолаушыға, Кездесіп анда-санда саяқ некен.
Кей қазақ әдет қылған киікті атып, Мүйізін пайда қылып, шетке сатып. Сандалған бір киікке ұшырастым, Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
Бетпақта келе жатты ақсақ киік, Сандалып қаңғырақтап басын иіп. Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп, Мергеннің кеудесінде оғы тиіп.
Тамады қара жерге аққан қаны, Қиналып ентігеді шыбын жаны. Боялып ақ денесі қызыл қанға, Келеді әлі бітіп, жығылады...
Сандалып келе жатты ақсақ киік, Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып. Ақбөкен сахараның бота көзі, Атты екен қандай мерген көзі қиып?..
Бота көз сахарада қына терген, Кім екен жапан түзде сені көрген? Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау, Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!..
Спорт – бейбітшілік елшісі.
Спорт – денсаулық кепілі екені баршамызға аян. Ал Олимпиада ойындары бейбітшілік елшісі атанып кеткен. Себебі Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Ал өзге елдердің спортшылары бір – бірімен күш сынасып, кімнің мықты екенін анықтайтын дүбірлі дода.
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Олимпиада ойындарының ұраны - «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Олимпиада ойындары әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрады, қысқы және жаздық болып екі түрге бөлінеді.
Олимпиада ойындары ежелге Грекиядан бастау алып, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылған болатын. Дүниежүзілік соғыс уақытында ойындар тоқтатылған болатын.
Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Олимпиада өткізілетін қала ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы өтеді.
Ереже бойынша соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі.
Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет, Франция 5 рет, Ұлыбритания 3 рет, Германия 3 рет, Жапония, Италия, Канада 3 рет. Олимпиада ойындары барлығы 21 елде өткізілген. Жазғы ойындар 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.
Салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің туын асқақтатын үздік спортшылармыз көп болсын дегім келеді.