Тапсырма 1. «Бала дүниеге балауыз тақта сияқты таза жанмен келеді, оған кез келген нәрсені жазуға болады» деп санаған 17 ғасырдың белгілі философын атаңыз. Тапсырма 2. Баланы қорғау және олардың саулығына қатысты әлеуметтік және құқықтық қағидаларды анықтайтын заңды құжат қандай? Тапсырма 3. Ерте жастағы балалардың жетекші әрекеттерін анықтаңыз Тапсырма 4. Келесі кәсіби деңгейлерді өсу ретімен орналастырыңыз. Мысалы: 1-С, 2-А т.с.с. Деңгей Анықтамасы 1. А) кәсіби сауаттылық; 2. В) кәсіби біліктілік; 3. С) кәсіби құзыреттік; 4. Д) кәсіби мәдениет
Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім - қазақ тілі.Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.