В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Itismylife
Itismylife
21.11.2022 21:59 •  Қазақ тiлi

Тапсырма №1 Берілген сөздерді пайдалана отырып «империя» сөзіне сипаттама бер 1. Ұйымның, империя, бірі, ежелгі, қоғамның, түрлерінің, мемлекеттік
2. Біріктіретін, бір, ірі, бірнеше, мемлекеттік, елдер мен халықтардың, деген империя, басқару, құрылым.
1.
2.

Показать ответ
Ответ:
meowgro
meowgro
26.04.2022 04:21
 Қазақ халқының рухани мəдениетінің  етене саласы музыка өнері  болды. 

 Жеке əн салу мен аспапты  жеке тарту кең тараған.Шығармалардың  негізгі түрлері əн мен күй болған.

 Жиырмадан аса əр түрлі  музыкалық аспаптар болған, олардың  кейбіреулері – шертер, жетіген, саз сырнай, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ жəне басқалары музыка өнерінің кəсіби талаптарына сай келмей, біртіндеп құри берген. Ал дыбыстық сапаларын жетілдіруге келетін басқалары музыкалық аспаптар тобын құрады. Олар: домбыра, қобыз немесе қылқобыз, сыбызғы, дауылпаз.

 Əн мен күй халық өмірінің  барлық салаларымен етене аралас  болды. Той-думан əн-күймен басталды, ақсақалдар кеңестерінің алдында,  жайлауға көшу мен 

 қыстауға қайтып оралу да  əн-күймен атап өтіліп отырған.  Əйелдер үй тігіп, мал

 сауып, жүн сабаған, жіп  иіріп, кілем тоқыған, киіз  басқан кездерінде өлең айтып, 

 балаларын тербете отырып, бесік  жырын жырлаған. Қайғыға ұшыраған  отбасын 

 жұбататын көңіл айту, қуаныш  хабарға сүйініп сүйінші сұрап,  құттықтау дəстүрі 

 де өлеңмен айтылған.

 Музыкалық туындылар мазмұны  мен құрылымы жағынан əр алуан  болған.

 Тұрмыстық жол-жора (той-томалақ,  жерлеу) кезінде орындалатын əндер,  сондай-

 ақ балалар əндері, бесік  жыры қысқалылығымен, əсерлілігімен  ерекшеленеді.

 Бұларды жұрттың бəрі айтатын болған. Ал лирикалық, əлеуметтік тақырыптарға,

 тарихи, эпикалық жəне аңыздық  сюжеттерге шығарылған əндер  мен күйлердің 

 əуендері ырғақты қайырмалы,  формалары күрделі болып келген.Оларды  танымал 

 дарындар айтатын болған. Орындайтын  шығармаларының тақырыптарына қарай

 “ақын”, “жырау”, “əнші”, “  күйші”, “ертекші” деп атаған.

 Кəсіби музыкалық өнерпаздардың  дарындылығы көпшілік алдындағы  арнайы айтыстарда көрінген. Мұндай  музыкалық-поэзиялық жарыстар тойларда, жайлауға көшуге байланысты, қыз  ұзатқан кезде жəне басқа да отбасылық қуаныштарға орай өтіп отырған. Аса көрнекті ақындардың есіміне “сал”, “сері” деген құрметті атақтар қосылып айтылған.

 ХVIII ғасырда əншілердің, аспаптарда  ойнаушылардың, ақындардың 

 шығармашылық-орындаушылық шеберлігі барынша дамыды. Осы ғасырдағы

 тарихи оқиғалар қазақтың  музыкалық өнер туындыларынан  да орын алды. Жоңғар 

 шапқыншылығы кезінде өмірге  келген қазақ күйшілерінің шығармаларының 

 арасында аса белгілілері  “Қаратаудың шертпесі”, “Қалмақ  биі”, “Беласар”, 

 “Абылайдың қара жоғасы”, “Кеңес” т.б. күйлер.

 Сол заманның белгілі күйшілерінің  бірі – Керейдің Абақ тайпасынан  шыққан,

 теңдесі жоқ өнер иесі  Байжігіт күйші. 1723 жылы 18 жасында  ол “Ақтабан” атты 

 күй шығарған. Одан кейінгі  оның кең тараған шығармасы “Қайың сауған”. Ол да

 ақтабан шұбырынды оқиғасымен  өзектес, мұң, зармен басталып, жеңіске деген 

 жігер мен қажымас күреске  шақырған, сенімге толы күй. Байжігіттің  халық өмірі 

 мен тұрмысы тақырыбына шығарған  күйлері көп болған (300-ге жуық), олардың 

 ішінде аңға шыққан кезде  болған əр алуан жайлар туралы 10 бөлімді “Аңшының 

 зары” күйінің орны бөлек. 

 ХVIII ғасыр мен ХIХ ғасырдың  алғашқы жартысында бүкіл қазақ  халқына аты 

 шыққан домбырашылардың арасынан  республиканың батыс өңіріндегі 

 күйшілердің ішінен Қара ұлы Боғданы атауға болады. Ол домбырашы болумен

 бірге ел тағдырын, халық  қамын өз күйлеріне өзек етіп, əлеумттік маңызы,

 көркемдік қасиеті күшті  күйлерді көп шығарған. Солардың  ішінде “Ақ желең”,

 “Боз төбе”, “Қара жаяу”  деп аталатын күйлерінің жөні бөлек.

 Сол заманның белгілі күйші-композиторлары  Құрманғазы, Дəулеткерей, Абыл, Сарымалай,  қобызшы Ықылас, Қазанғап, Диналардың  арасында Махамбет батыр да  болды. 

 Махамбеттің “Ақжелең”, “Жайық  асу”, “Жорық”, “Қайран Нарын”, “Тарлан”,

 “Нарын” сияқты оннан астам күйлері сақталған. Бұл шығармалары оның қатардағы

 көп күйшінің бірі емес, аса  дарынды тұлға екендігін дəлелдейді.

 Қазақ күйшілерінің арасында  халқымыздың рухани бітім-болмысына  қайталанбас қасиет, нəр берген, оның ажарын ашып келе жатқан тұлға – Құрманғазы Сағырбай ұлы (1818-1889). Ол Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында туған.

 Құрманғазының анасы аса  дарынды əнші, өнерпаз адам болған. Жасынан өнер дарыған Құрманғазы  күйшілікпен ерте айналысқан. Ол  халық арасына кең тараған елуден аса күй шығарған. Құрманғазы күйлерінің бірі өмір жайындағы

 философиялық толғау, бірі нəзік  махаббат лирикасы болса, енді  бірінде халық 

 мерекелерінің шат-шадыман көріністері  бейнеленеді. Солардың ішінен  “Адай”,

 “Алатау”, “Байжұма”, “Балбырауын”, “Жігер”, “Кішкентай” “Көбік шашқан”,

 Кісен ашқан”,”Қайран шешем”  күйлерін ерекше атауға болады.

 Қазақ өнеріне өзіндік қолтаңбасымен  із қалдырған, жанға жағымды,  жаймақоңыр 

 күйлердің дəстүрін жалғастырған  Тəттімбет Қазанқап ұлы (1815-1860) заманының

 белгілі, беделді, лауазымды  адамы болды. Оның шертпе күйлер  шығарып, 

 орындаушы ретінде даңқы  жайылды. Күйлерінің көпшілігіне  əсерлі, асқақ 

 лирикалық сарын тəн. Ол  елуден аса халыққа кеңінен  тараған күйлерін қалдырды.

 Бұлардың арасында “Азына”, “Бес төре”, “Балқан тау”, “Былқылдақ”, “Қос басар”,

 “Боз торғай”, т.б. күйлері  кейіннен камералық, симфониялық  туындыларға 
0,0(0 оценок)
Ответ:
Taksa64
Taksa64
17.08.2020 09:17
Менің мамандығым

Өнер жолына қызыққан мен, әрдайым актриса, танымал тележүргізуші боламын деуші едім. Балалық бал дәурен кезімнен шығарма жазуға, поэзия оқуға құштарлығым қатты болды. Ең сүйікті пәндерім де қазақ тілі мен әдебиет еді. Бірақ өсе келе мен үшін өмірдегі үлкен сынақтың бірі ҰБТ-дан алған балыма байланысты өзімнің қалаған мамандығыма түсе алмадым. Бұл өмірімнің бір өтпелі қиын кезеңі болатын. Содан мамандық таңдау жағынан біраз қиналып, кейін ата-анамен ақылдаса келе Қазақтың спорт және туризм академиясына түсетін болып шештім. Әрине, ол менің қалауым емес еді, бірақ амал қанша. Алайда бұл оқу орнында мен мақсатыма жете алмадым деп айта алмаймын. Себебі, мен оқуға түскен жылы өз мамандығымнан бөлек, қосымша мамандық ретінде журналистика саласынан білім алуға мүмкіндіктерім туды. Бірақ мен бұнымен шектеліп қалмай, ары қарай “Тележұлдыз” курсына жазылып, білімімді толықтырдым. Бұл курсты оқу барысында мен журналистика жайында біраз нәрсе үйреніп, өзімнің кемшіліктерімді жөндей бастадым. Ал қазіргі таңда академиядағы барлық іс-шараларға белсене қатысып, концерттерді жүргізіп келемін. Әрине, бұл аз да болса, маған көмегі тиюде.

Журналистика саласын таңдау себебім, әрдайым ішімде жатқан сан түрлі ойлар мен әртүрлі құбылыстар ішіме сыймай кететін тәрізді. Сол кезде бірден қолыма қалам алып, ақ қағаздың бетін толтыра бастаймын. Көбіне халқыма жаным ашығаннан, әртүрлі қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға, сұлу табиғатқа қарап шабыттанып, ішімдегі құбылысты ақтарып салып, ойымды жайып саламын. Сол жазғандарың халқыңа ұнап, оқырмандарың көбейіп жатса, бір рахаттанып қалатындайсың. Иә, бұл әрбір журналист үшін үлкен жетістік емес пе?! Жалпы өнер адамы болғандықтан тек бір өнермен шектеліп қалмау керек. Себебі өнер саласы бір-бірімен байланысып жатқандықтан, ол сурет салу болсын, спорт болсын біле жүру керек деп ойлаймын. Бұл журналист үшін өте маңызды мәселе деп білемін.

Жалпы мен үшін журналистика мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Менің ойымша журналист болу үшін – мақсатына берік, өз пікірін нақты жеткізе білетін, кез-келген жанмен тез тіл табыса алатын жан болуы керек. Бұл саланың ұнайтыны да осы жері және бұған қоса күнделікті әртүрлі тағдырлар мен кездесулер, қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында жаңа мәліметтерді іздене отырып, біліміңді, ой-өрісіңді кеңейте отырасың. Болашақта Алла жазса өзімді тележүргізуші ретінде де байқап көргім келеді.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота