Тапсырма.1)Доспамбет жыраудың өлең жолдарындағы көтерілетін мәселлелерді
Құндылықтар ошағы сызбасына орналастырайық.
2)Доспамбет жыраудың екі жырындағы арман,
өкініштеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беріп,
шағын сыни хабарлама жазайық.
1.Жыр, толғғау, тере жанрларының ерекшелігін
анықтап, осыларды орындайтын өнерпаздар
туралы ақпараттармен танысайық.
2.Жайық өзенін неге Ақжайық деп атаған? Өз
бетімізше ізденіп көрейік.
Берілген сұрақтарға жауап:
1. Саған отбасында кім көп көңіл бөледі?
Біздің отбасымызда менің анам маған көп көңіл бөледі және «қыз бала анаға жақын» болғандықтан, анам екеуміз жиі сырласып тұрамыз.
2. Ата - анаң саған қандай жылы сөздер айтады?
Ата - анам мені "құлыным", "жаным", "ботақаным", "қошақаным", "алтыным" деп еркелетеді.
3. Сен ата - анаңа көңіл аударасың ба?
Әрине, мен ата - анама көңіл аударамын және ата – анам жұмыстан бос уақытының бәрін отбасына арнайды. Уақытты бірге өткізгенді ұнатамыз.
4. Анаң саған қатты ашуланса, кешіре аласың ба?
Анам маған ренжіген уақытта қатты ашуланғанмен, ашуы ұзаққа созылмайды. Әдетте ашуынан тез қайтып, қателік жіберсе, кешірім сұрай да алады. Ал мен болсам, анама ренжімеймін.
5. Отбасыңда бір - бірлеріңді кешіре білесіңдер ме?
Ия, біздің отбасымызда ата – анамыз әрдайым бір - бірімізге түсінушілікпен қарап, кешірімді болуға үйретіп отырады.
6. Отбасында болған қиындыққа шыдамдылық білдіре аласың ба?
Кей кездері оңайға соқпағанымен, шыдамдылық танытуға тырысамын. Ата – анамыз қиындыққа мойымауға үйретіп отырады.
7. Неге бақыт тек қиындықпен келеді?
Менің ойымша, «қолда бардың қадірі жоқ» демекші, тек қиындықпен келген бақытты ғана бағалай білетін болғандықтан деп ойлаймын.