Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырыңыз, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Мәтін бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ құрастырыңыз. [5]
1-мәтін «Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр», - дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.
«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, ба з залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.
Тапсырма Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]
Бастауыш пен Баяндакышты табу керек.
Қасқырды киелі деп табыну қазақ халқына тән нәрсе қазақ руларының туында бәрінің
алтын басы бейнеленген. Жоңғарларға қарсы жорықта даңқы шыққан Жәнібек батырдың бөрі
басы салынған туы жау келер алдында дүрілдеп, немесе ерекше дыбыс шығарып, алда болар
айқасты білдіріп отырған.
Қасқыр - өте ақылды жыртқыш Ол ашық алаңқайларды ұнатады, себебі онда жемтігін
ұстау жеңіл. Әдемі және тез жүгіреді, бейне бір жерге бауырымен төселіп жатқандай әсер береді.
Қасқыр жемтігін екеулеп аулайды. Есту қабілеті ерекше жетілген. Қасқырдың өзге хайуандардан
дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес
келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі деп есептеледі. Олардың адамға көрінуі де сирек. Мұндай
Көк бөрімен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.
Қасқыр қайсар хайуан. Қайсарлығы оның кез-келген айқаста жеңіске жеткенше, не
жеңіліп демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Қасқыр бір ғана отбасына ие және бөлтірік
тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтіріпін көкжалға айналдыру
бәрі-бәрі осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі
жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады. «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деген жолдардан
бауырмалдықты және мәрттікті ұғуға болады. Ал, мәрттік тек бөрirе ғана тән.
Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз.
Мысалдар Көркемдегіш
құралдардың түрлерін анықтаңыз Қолданылу ерекшелігін түсіндіріңіз, талдаңыз
Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап, Тасқан екен мына хан!
Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырын берермін,
Алыста дәурен сүрермін.
Елің кеңес құрғанда, Айналып ақыл табарға Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не десін?!
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..
Объяснение: